Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «қазір борттағы және жер үсті жабдықтарының құрастырылуы мен коммуникациялар тексерілуде». Тексерулерден кейін негізгі сынақтар өткізіліп, оның барысында зымыранды ұшыру әрекеті ғарыш аппараты бөлінетін сатыға дейін жасанды түрде іске асырылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Союз-У» зымыран тастығышы 2-қыркүйекте 15 сағат 50 минутта ұшырылады.