Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист желідегі жазбасында анасы мен қызының оның азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапқанын мәлімдеді.
«Сожитель деген бәле болды ғой. Бұрын әйелді өлтірсе, қазір балаларын қоса өлтіретін болды. Не істейміз? Мынадай қатыгездіктен қайтсек, қайтіп құтыламыз? Сожительге тыйым сала алмаймыз. Бірінші некесі сәтсіз болған жандарға үйленбе, күйеуге тиме деп тағы айта алмаймыз. Сожитель тұрмақ заңды некедегі күйеулер де өз қатын-баласын аяп жатқан жоқ.
3 күн бұрын Қарағандыда әйел мен қызын өлтіріп кеткен еді. Артынан өзі атылып өлді. Ақталмайтын сұмдық қылмыс жасағанын біліп, өзіне оңай жол таңдады. Бүгін қаралы жұрт марқұм анасы мен қызын қатар жерледі. Қазақ әйелінің бағы ашылған күн қашан туар екен, иманды болсын», — деп жазды журналист.
Айта кетейік, Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында анасы мен қызын мылтықпен атып кеткен еді. Кейін қылмыскердің әйелдің азаматтық некедегі күйеуі екені белгілі болды. Полицейлер оның өз-өзіне қол салғанын, яғни қолындағы мылтықпен өзін атқанын анықтады. Ал, анасы мен қызының денесі жер қойнына тапсырылғаны белгілі болды.