SpaceX Қазақстанның екі спутнигін ғарышқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
SpaceX Қазақстанның екі спутнигін ғарышқа ұшырады

SpaceX Қазақстанның екі спутнигін ғарышқа ұшырады

Қазақстан Америка SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыранымен бірге екі наноспутнигін ғарышқа ұшырады.

  • 11 Желтоқсан 2017
  • 167
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Ұзындығы 17 метр болатын бірінші спутникті Қазақстан және Британ инженерлері бірігіп жасап шығарды. Жер сілкінісін алдын ала болжайтын, ғаламшар ионосферасын зерттейтін екінші аппаратты қазақстандық мамандар өздері жасады.

«Дәл қазір бұл спутниктерді құрастыру жұмыстары аяқталып, соңғы тексерулерден өтіп жатыр. Олар Falcon 9 зымыранымен 2018 жылы ұшырылады деп жоспарланып отыр», — дейді Нұрғожин.

Мұнымен қатар, ол Байқоңыр айлағының территориясында «Бәйтерек» атты Ресей-Қазақстан зымыран кешенін салу жоспарда бар екенін айтып өтті. 2018 жылдың қазан-қараша айларында аталған бағдарламаға қаражат бөліну мәселесі қарастырылған. Қазақстан бастапқы және техникалық кешенді салуды өз мойнына алады. Ал Ресей 2016-2025 жылдар аралығында дамытуға бағытталған Федералды ғарыш бағдарламасының аясында орта санаттағы зымыран салу үшін қаржы бөледі.


Соңғы жаңалықтар