Спанч Боб туралы мультфильмді балаларға мүлдем көрсетпеген дұрыс - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спанч Боб туралы мультфильмді балаларға мүлдем көрсетпеген дұрыс

Спанч Боб туралы мультфильмді балаларға мүлдем көрсетпеген дұрыс

Спанч Боб туралы мультфильмді балаларға түбегейлі көрсетпеу қажет.

  • 25 Қазан 2012
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бүгін елордада Қазақстан аниматорлары қауымдастығы сайтының ашылуына арналған баспасөз мәслихатында аталған қауымдастықтың басшысы Батырхан Дәуренбеков осылай деді.

«Бүгінде біздің телеарналардан қазақстандық аниматорлар түсірген мультфильмдер мүлдем көрсетілмейді. «Том мен Джерри», «Спанч Бобты» көрсетеді. Осынау бір түсініксіз жұмсақ ысқыш, қаттырақ айтсақ, құбыжық барлық ұлт ұрпағының үлгі тұтар бейнесіне айналды. Бұл мультфильмді балаларға көрсетуге шектеу қою қажет», — деді ол.

Оның пайымынша, қазақ фольклоры «Дисней», «Dreamworks Аnimation», «Marvel» киностудияларының таспаларында жоқ бірегей әрі барынша қызықты бейнелерге бай. «Біздің бейнелерді бәсекеге қабілетті болумен қатар батыстық стереотипті басып тастайтындай қызықты етіп беруге болады», — деді ол.

Сондай-ақ баспасөз мәслихаты барысында қазақстандық аниматорлар туындыларының жұртшылық назарына жол тартуына не кедергі деген сауалға Б.Дәуренбеков тек қана қаржының қолбайлау болып отырғандығын баса айтты.

«Бізде әлеует жеткілікті. Біздер мультфильмдер шығарып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөлене аламыз. Бірақ, оған қаржы қажет. Өздеріңіз білетіндей мультфильмдер қымбат тұратын жоба», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар