"Спасательный батут атымен жоқ": Өрт сөндіруші саладағы барлық былықтың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Спасательный батут атымен жоқ": Өрт сөндіруші саладағы барлық былықтың бетін ашты

"Спасательный батут атымен жоқ": Өрт сөндіруші саладағы барлық былықтың бетін ашты

1 тамыз күні Алматы қаласындағы Ақкент ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 37 адам зардап шегіп, 1 әйел адам қайтыс болды. 

  • 2 Тамыз 2023
  • 82
Фото - Caravan.kz


Зардап шеккендердің басым бөлігі балалар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Қайғылы оқиғаға байланысты Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде пікір білдірді. 

"Үкіметтен миллиондап қаржы бөлінсе де, жететін жеріне жетпей қала береді. Түбінде зардап шегетін біз (халық). Бүгінгі өртте қарапайым халық матрац көтеріп, бірін-бірі құтқарып әлек. Қашанға дейін бұлай жалғаса бермек?! Осы уақытқа дейін болған өрттерден сабақ алатын уақыт жетті емес пе?!", — деп жазды депутат. 

Дәулет Мұқаев өзіне жолданған өрт сөндірушінің хатын да қоса жариялады. 

"Көліктер ескі, яғни ескі техника. Бұзылса өз қалтамыздан шығаратын кездер дле болады. Киім мәселесі, күнделікті жұмыс формасын өз ақшамызға сатып аламыз. Өртке киетін боевая одежда пожарного жұмысқа тұрғанда ғана беріледі. Одан кейін әр үш жыл сайын берілу деген ұғым жоқ! Айлық мәселесі, иә айлық өсірді. Бірақ, соғұрлым азық-түлык бағасы өсті, бір-бірімізді қуып жете алмай жатырмыз. Спасательный батут секілді дүние атымен жоқ. Құдай сақтасын әрине, Алматыдағыдай жағдай орын алса, матрац тосып жүреміз бе? Сіздер білсеңіздер ғой, қандай давление тұрғындардан. Не істеп тұрсыңдар? Матрац емес батут қайда? Техникаларыңда су жоқ па, т.б сұрақтар мен неше түрлі сөз естіп жүрміз", — делінген оқырман хатында.