SPEAK UP жасөспірімдер форумы! Алматыда TEENS FORUM өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
SPEAK UP жасөспірімдер форумы! Алматыда TEENS FORUM өтеді

SPEAK UP жасөспірімдер форумы! Алматыда TEENS FORUM өтеді

«Бөпе» отбасы және неке институтын жаңғырту қорымен серіктестікті жалғастыра отырып, тағы бір ауқымды шараны қолдаймыз. Біздің алғашқы бірлескен жобамыз ата-аналарға арналған «БөпеForum II» форумы болды. Ендігі назарымызды 10-20 жылдан кейін мемлекеттің тағдырын уысында ұстайтын Қазақстанның жасөспірімдеріне аударамыз. 

  • 24 Қараша 2022
  • 25
Фото - Caravan.kz

Speak Up! TEENs Forum – бұл жасөспірімдер өздерінің көшбасшылық әрі кәсіби әлеуетін көрсетіп, оны әртүрлі воркшоптар, шеберлік сыныптар, ойындар, дәрістер арқылы жүзеге асыруға серпін алатын кеңістік.

Форумның тақырыптары – кәсіпкерлік дағдылар мен қаржылық сауаттылық, жыныстық білім, көшбасшылық қасиеттер, болашақ дағдылар, салауатты өмір салты мәдениеті, кино және блогерлік мектеп, әлеуметтік жобалар және еріктілік.

Жасөспірімдерге арналған форумда қатысушылар «Мен кіммін?», «Не істей аламын?», «Қалай дамып жатырмын?» деген сауалдар жауап табады. Іс-шараның міндеті жасөспірімдерге өзін-өзі қамтамасыз ететін әрі бақытты адам болуға көмектесу.

Белсенді, ізденімпаз әрі шығармашыл жастарды осы жексенбі, 27 қараша күні Speak Up TEENs Forum-ға шақырамыз! Басталуы сағат 11:00-де.


Мекенжайы: Алматы қаласы, Ганди көшесі, 10. Кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар