«Экспедиция СПИД-ке қарсы күреске әлем елдерін жұмылдыруды көздейді»,- деді Йоахим Франц баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, экспедиция биылғы жылдың 25-маусымында Ганноверден шыққан. Германия — Польша — Беларусь — Ресей — Қазақстан — Қырғызстан аумақтары арқылы өетін осынау экспедицияға қатысушылардың ақырғы мақсаты — Тянь-Шаньдағы Жеңіс шыңына өрмелеу. Шың басына СПИД-пен күрестің және экспедицияның нышандық белгісі іспетті алқызыл шүберек гүл байланады. Бұл белгіге экспедиция басып өткен елдердің үкімет басшыларының қолы қойылған.