Спиртті өнімдердің айналымын мемлекеттік реттеуге қатысты заңнамалық актілерге енгізілмекші түзетулер ұлттық қауіпсіздік туралы заңдарға қайшы - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спиртті өнімдердің айналымын мемлекеттік реттеуге қатысты заңнамалық актілерге енгізілмекші түзетулер ұлттық қауіпсіздік туралы заңдарға қайшы - ҚР Елбасы

Спиртті өнімдердің айналымын мемлекеттік реттеуге қатысты заңнамалық актілерге енгізілмекші түзетулер ұлттық қауіпсіздік туралы заңдарға қайшы - ҚР Елбасы

Спиртті өнімдерді аймақтық есеп-бақылау маркасынсыз сатуға және басқа облыс аумағында облыстың идентификациялық кодынсыз сатуға тыйым салу "тауарлардың еліміз аумағындағы қозғалысы мен спиртті өнімдер рыногындағы бәсекелестікке шектеу қою арқылы жалпы өнім сапасының төмендеуіне алып келеді". Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Спиртті өнімдер мен этил спиртінің айналымы және өндірісін мемлекеттік реттеу мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі " заң бойынша парламентке жолдаған қарсылық хатында айтылған.

  • 28 Қаңтар 2004
  • 601
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан секілді унитарлық мемлекетте мұндай шара тауарлар және қызмет түрлерінің еркін қозғалысы мен айналымы жүзеге асырылатын біртұтас нарықтық кеңістіктің бұзылуына апарып соғады»,- делінген Елбасының ветосында.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, заңның бұл нормасы «ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңның 18-бабы, 4-тармағына қайшы келеді. Сондай-ақ, президенттің пайымдауынша, «бұл түзетулер спиртті өнімдердің айналымын әкімшілік басқаруды күрделілендіріп, тұтынушылар үшін өнімнің қымбаттауына апарып соғады».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Спиртті өнімдер мен этил спиртінің айналымы және өндірісін мемлекеттік реттеу мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі » заңды парламент 2003-жылдың 25-желтоқсанында қабылдаған. 20-қаңтарда Елбасы бұл заң бойынша парламентке қарсылық білдірді. Елбасының ветосы заңның екі нормасына қатысты болып отыр. Бірінші норма бойынша аймақтық есеп-бақылау нормасы деп аталатын тәртіп енгізілсе, екінші нормамен спиртті өнімдерді аймақтық маркасыз сатуға тыйым салынады.
ҚР Ата заңының 56-бабы, 2-тармақшасына сәйкес, мемлекет басшысының қарсылығын парламент мәжілісі қарап, оған қатысты ұсыныстар дайындауы тиіс. Сондай-ақ, ҚР Конституциясының 53-бабы, 3-тармақшасына сәйкес, заңның жекелеген нормаларын парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында екінші қайта қарап дауыс беру шарасы мемлекет басшысының ветосынан кейін бір айда жүзеге асырылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар