Спорт - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт

Спорт

Николя Анелька Франция Футбол Федерациясында өңшең сайқымазақтар жұмыс істейді деп мәлімдеді. Әйгілі аяқдопшының өзін 18 матчтан тыс қалдырған футбол басшылығына берген жауабы осындай.

  • 19 Тамыз 2010
  • 357
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Африкада өткен Әлем Чемпионатында француз футболшылары бас жаттықтырушымен келісе алмай, мундиальдан масқара болып қайтаны есімізде. Ал, сол кезде құрама тізгінін ұстаған Раймон Доменек ұрыс-керісті Николя Анелька бастады деп отыр. Нәтижесінде Футбол Федерациясы кінәлі аяқдопшыларға қатысты үкімін енді ғана шығарды. Николя Анелька құрама сапынан 18 ойынға аластатылды. Ал, команда капитаны, әрі Францияның ең үздік қорғаушысы Патрик Эвра 5 бірдей матчқа қатыса алмайды. Құраманың белді ойыншыларының бірі Франк Рибери 3 ойыннан, ал жартылай қорғаушы Жереми Тулалан 1 ғана ойыннан тыс қалады. Қорғаушы Эрик Абидаль болса, дисквалификациядан құтылды.

Еуропада трансферлік кезең жалғасуда. Бүгін Германия құрамасы мен Вердердің жартылай қорғаушысы Месут Өзил өзінің жаңа командасы “Реалдың” сапына қосылады.
“Корольдік” клуб жаңа ойыншысына қанша ақша төлейтінін әзірге құпияда сақтап отыр. Алайда, бейресми мағлұматқа сүйенсек, Өзил жылына 5 миллион еуро жалақы алатын болады. Ал, келісім-шарт 6 жылға жасалған. 15 миллион еуроға сатып алынған аяқдопшыны таныстыру рәсімі осы аптада өтеді деп күтілуде.
Ал, Англияның “Манчестер Ситиі” итальяндық “Интердің” ойыншысы Марио Балотеллиді қатарына қосты. 20-жасар шабуылшыға осы жазда бірнеше клубтан ұсыныс түскен. Алайда, Балотелли “Ман Ситиді” таңдады. Аяқдопшының айтуынша, бұл таңдауға манчестерліктердің бас бапкері Роберто Манчинидің шеберлігі тікелей себеп болған.

АҚШ-тың Огайо штатында Мастрес сериясындағы теннис турнирі жалғасуда. Ракетка шеберлері 2-ші айналымның матчтарына кірісті.

Чех Томаш Бердых өзінің керемет ойынын тағы паш етті. Француз Поль-Анри Матьемен кездескен Бердых қос сетте де 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ресейлік Михаил Южныйдың жолы болмады. Француз Ришар Гаскемен жолы түйіскен Южный 2:6, 6:4 және 6:1 есебімен ұтылды. Аргентиналық Давид Налбандян өзінің әлі де бабында екенін дәлелдеді. Үлкен үзілістен кейін кортқа шыққан теннисші бұл жолы хорват Иван Любичичке еш мүкіндік қалдырмады. Есеп 7:5 және 6:0.

Перейти к новостям спорта