Спорт - kaz.caravan.kz
  • $ 475.09
  • 551.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт

Спорт

Бүгін Гуанчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақ спортшылары құрметіне еліміздің әнұраны жеті мәрте шырқалды. Бұл күні тұғыр төріне каратэ жекпе-жегінің шеберлері Дархан Әсәділов , Ренат Сағындықов , боксшы Серік Сәпиев, жеңіл атлеттер Маргарито Мацко, Ольга Рыпакова, Дмитрий Карпов және көркем гимнастикадан еліміздің әйелдер құрама командасы көтерілді. Ұзын-саны он төрт алтын еншілеген Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте әзірге бесінші орында келеді.

  • 26 Қараша 2010
  • 641
Фото - Caravan.kz

Күміс пен қоланы былай қойғанда, еншісіндегі алтын жүлделердің санын 180-ге жеткізген Қытай, Азиада төрінде жеке-дара билік құрып тұр. Бүгін де Қытайдың қоржыны сары алтынсыз қалған жоқ. 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жарысқан ерлер арасында Афины олимпиадасының чемпионы әйгілі желаяқ Лю Сян мәре сызығын бірінші кесті. Диск лақтыру секторында ең үздік нәтиже көрсеткен Енсан Хаддади , жалпы есепте төртінші келе жатқан Иранға тағы бір алтын әперді. Ал, каратэ жекпе-жегінен сынға түскен жігіттер додасында біздің Дархан Әсәділов пен Ринат Сағындықов ерледі. 60 келіде өнер көсреткен Дархан ақтық сында иорданиялық Ал-Наззар Башарды 3:0 есебімен жеңсе, 67 келіде топ жарған Ринат Сағындықов кувейттік Абдуллах Алотайбиді тізе бүктірді. Бір өкініштісі еркін күрестен өткен бүгінгі белдесулерде біздің палуандардың біреуі де медальға іліккен жоқ. Ертең боз кілемге Гүзел Манюрова, Айым Әбділдина және Елена Шалыгина шығады.

Елімізден шыққан мықты спортшылардың өмірбаянына көз салсаңыз, олардың басым көншілігі ауылдан түлеп ұшқандар. Демек, ауыл қашан да қай саланың болмасын “мен дегендерін” шығаратын мекен болып қала береді. Дегенмен, кез-келген жақсылыққа қаржылай қолдау көрсетілмесе, оның өсіп-өнбейтіні анық. Ауыл жастарын толық қамтылған спорттық мектеппен одан әрі күшейту керек. Осы мақсатта бүгін Алматы облысының Шелек ауылында кикбоксингтен әлем кубогының иегері Елмұрат Қайыпжанов атындағы бокс мектебі ашылды.

Шелек ауылындағы Төле Кенжебаев атындағы орта мектептің спорт базасы бірнеше жылдан бері өте қиын жағдайда тұрған еді. Кикбоксингтен әлем кубогының иегері, Еуропаның екі дүркін чемпионы Елмұрат Қайыпжанов , ел спортына қол ұшын беру мақсатында осы спорт нысаны қолға алғанды. Көп ұзамай Кеңес Одағы тұсынан бері жөндеу көрмеген зал жаңартылып, бокс рингі қойылды. Спорт кешенінің ашылу салтанатына ауыл тұрғындарымен қатар Алматыдан арнайы келген атақты спортшылар мен өнер жұлдыздары қатысты.

Марғұлан Әсембеков, грек-рим күресінен Азия чемпионы:
-Мықты спортшылардың көбісі ауылдан шыққан. Әр танымал спортшының атынан әр ауылда, әр ауданда мектептер болса, онда біздің көк байрағымыз, әнұранымыз көбірек ойналар еді.

Салтанатты шарадан кейін бірінші болып жаңа ринг төрінде жергілікті боксшылар өнер көрсетті. Ережесіз жекпе-жектен өткен бәсекеде халықаралық жарыстарда бақ сынап жүрген жерлестеріміз Қазыбек Әшімов пен Аслан Тоқтарбаев қырғыз жігіттерінен алда болды. Ал, осы игі шараға мұрындық болған азаматтар алдағы қыруар жұмыс туралы ойлануда.

Елмұрат Қайыпжанов, Кикбоксингтен әлем кубогының иегері:
-Қазір мына жерде қазақ дене шынықтыруын бітірген бауырымыз Бейбіт бар. Соны арнайы мына жерге аға жаттықтырушы қылып сайлап отырмыз. Оған қоса екінші жерден ашып отырмыз филиал деп. Балаларды тәрбелеп, не только спортқа, ғылыми ақылды түрде елді ойлайтын азаматтың бәрі ауылдан шығады.

Бокс мектебі аталғанымен, алдағы уақытта бұл жерде балалар ережесіз жекпе-жек, кикбоксинг және тағы басқа жекпе-жек түрлерінің қыр-сырын меңгеретін болады.

Чемпиондар Лигасында топтық бәсекенің бесінші тур ойындары аяқталды. А тобының лидерлері “Интер” мен “Тоттенхэм” кезекті жеңістеріне қол жеткізді. “Сан-Сиродағы” кездесуде аргентиналық легионер Эстэбан Камбьяссо соққан жалғыз доп алаң иелеріне жеңіс әкелді.

Ал “Тоттенхэм” өз алаңында 3:0 есебімен “Вердерден” мерейін асырды. Көзге түскендер: Юнес Кабуль, Лука Модридч және Питер Крауч. Сондай-ақ кеше түнде “Шальке 04” “Лионды” ойсырата ұтса, “Манчестер Юнайтед” “Рейнджерстен” басым түсті. D тобында көш бастап тұрған “Барселона” “Панатинаикос” қақпасына жауапсыз үш гол тоғытты. Осы топтағы екінші жолдамадан үміті бар “Рубин” мен “Копенгаген” Казанда жолықты. Матчтың 45-минутында пенальтиден есеп ашқан алаң иелері, ойын соңына дейін осы нәтижені ұстап тұра алды.