Үміткерлер тізіміне ерлер арасында: аяқдопшы Нұрбол Жұмасқалиев, боксшы Данияр Елеусінов, велошабандоз Александр Винокуров, ауыр атлет Илья Илин, теннисші Андрей Голубев, ал әйелдер арасында мерген Зәуреш Байбосынова, ауыр атлет Светлана Подобедова, жеңіл атлет Ольга Рыпакова, теннисші Ярослав Шведова, биатлоншы Елена Хрусталёва енген болатын.
Дауыс беруге 1379 адам қатысты. Ерлер арасында олардың 645-і Льеж-Бастонь-Льеж, Тур де Франстың 13-кезеңінің және Джиро дель Трентино жарысының жеңімпазы Александр Винокуровты, 524-і Әлем чемпионы, Әлем рекордын жаңартушы және Азия ойындарының жеңімпазы Светлана Подобедованы үздік деп таныды. Ал бұл тізімде екінші орын алған Қазақстан чемпионы "Тобыл" футбол командасының капитаны Нұрбол Жұмасқалиевке — 223, Ванкуверде өткен қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталёваға 221 адам дауыс берген көрінеді.