Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

“Астана Аренада” жас аяқдопшылар айқасы басталды.

  • 8 Маусым 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымының  10-жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық турнирдің алғашқы матчында Қазақстанның бірінші құрамасы 3:1 есебімен Қырғызстандыұтты.  Команда капитаны Рүстем Қуанышев қос голдың авторы атанса, тағы бір доп  Луниннің есебінде. Осы күні Ресей құрамасы өз тобындағы алғашқы бәсекеде 4:1 есебімен Қытайды тізе бүктірді.

Кәсіпқой бокстың ең беделді тұжырымдарының бірі Дүниежүзілік бокс қауымдастығының жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі чемпионы, алаш жұртының мақтанышы Бейбіт Шүменов кезекті жекпе-жекке дайын.

Шымкенттік боксшы енді   жартылай салмақ категориясы бойынша Дүниежүзілік бокс ұйымы тұжырымының чемпионы Нейтан Клеверлимен жұдырық түйістіруді  жоспарлап отыр. Осыдан үш апта бұрын өзінің чемпиондық атағын абыроймен қорғап шыққан валлилік боксшыны кездесуге  шақырған  жерлесіміз:“ Нейтан менімен жекпе-жек өткізуге қалай қарайды екен, мені осы мәселе ойландырады. Жалпы, мен  осы салмақтағы төрт чемпион арасында арнайы турнир ұйымдастырылып, абсолютті жеңімпазды анықтағанын қалар едім. Осындай қадамға Нейтан дайын ба? Мені ендігі жауапты оның өзінен күтемін”-деді.   

 

“Астананың” ең тәжірибелі және белді велошабандозы Александр Винокруов көпкүндік велодода “Дофине Либеренің” екінші кезеңіне үстіне сары жейде киіп шығады. Өйткені жерлесіміз  жекелей сын мен бірінші кезеңнің қорытындысы  бойынша жалпы есепте бірінші келеді.

Қысқы спорт түрлерінің орталығы аталатын Альбервиль қаласынан шыққан велокеруен бұл күні  Сен –Пьер де –Шартресті бетке алды. 144 шақырымды құраған жарыс жолында күші қуатын үнемдеумен қатар  тактикалық  сауаттылық танытқан бельгиялық велошабандоз Юрген ван ден Брек  мәре сызығын бірінші кесті. Сен-Пьер де-Шартрез асуында пелотонды тастап кете барған  бельгиялық велошабандоз соңынан  ешкімді ілестірмей кетті.  Ресейлік “Катюшаның” сапындағы испандық Хоаким Родригес екінші, ал австралиялық әйгілі шебер Кэйдл Эванс  үшінші нәтиже көрсетті.  Көмбеге төртінші келген “Астананың” лидері Александр Винокуров жалпы есепте көш бастаса, бүгінгі кезеңнің жеңімпазы Юрген ван ден Брек екінші орынға көтерілді.


Футболдан Иран әйелдер құрамасы 2012 жылғы Олимпиада
ойындарының іріктеу додасынан шеттетілді. Оған себеп: ирандық бойжеткендердің жасыл  алаңға  орамал тағып шыққаны. Нәтижесінде Иордания құрамасымен кездесу алдында  матч төрешісі Иран қыздарына бастарындағы орамалдары  шешпейінше,ойынды бастауға рұқсат бермейтінін алға тартты.

Патриоттық сезімдері өте жоғары ирандықтар осыған қарамастаналаңға шығып, әнұранын орындап, өз елдерінің туын сүйді. Осылайша көздеріне жас алған иран құрамасына  3:0 есебімен техникалық жеңіліс жазылды.  ФИФА регламентінің 4-ші бабында «спортшының киімі саяси, діни және жеке көзқарасты білдірмеу керек» делінген. Дегенменосыған дейін жастар Олимпиадасына да осы себеппен қатыса алмаған Иран футбол федерациясы арнайы жаңа форма тігіп, тіпті оны ФИФА президенті Зепп Блаттерге де көрсеткен. Киім мәселесін жөнге келтіріп алаңға шыққан  Иран құрамасын сол жолы Бахрейн төрешісі  ойыннан аластатқан еді. Ендіолар осы жарысқа қатысудан мүлдем бас тартып отыр.

Осыған дейін жолдастық кездесу аясында нидерландықтармен тең түсіп, өз жанкүйерлерін біраз ренжіткен Бразилия құрамасы енді Румыния  аяқдопшыларымен күш байқасады. Бұл матчта пентакампеондардың сапында бірнеше маңызды ойыншы шықпайды.

Өз клубтарындағы тартысқа толы  маусымнан соң ойынға «Интердегі» Жулио Сезарь, «Барселонадағы» Даниэл Алвес, «Миландағы» Тиагу Силва қатыспайды. Сонымен қатарматчтың ерекшелігі де бар. Биыл футболдан кететіндігін мәлімдеген атақты Роналдо үшін бұл құрама сапындағы соңғы ойын болмақ. Алкелер Еуро-2012 додасын қабылдайтын Украина осындай жолдастық кездесуде француздарға жол берді. Донецктегі матчта тіркелген есеп — 1:4. 53-ші минутта есепті алаң иелері ашқанымен,  бес минуттан соң таразы басы теңестірілді. Ал, негізгі уақыттың соңғы  үш минутында Франция аяқдопшылары  үшдоп соқты. Юнес Кабуль — бір, Николя Мартен — екі голмен ерекшеленді. Айта кететін жәйт, ертең Еуропа біріншілігіне тура бір жыл қалады.

Соңғы жаңалықтар