Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

«ДофинеЛибере» веложарысының 3-ші кезеңі нәтижесінде қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров жалпы есептегі 1-орыннан төмен түсті. Өткен айналымда үздік шыққан  «HTC-Highroad» командасының өкілі неміс Тони Мартин болды.

  • 10 Маусым 2011
  • 381
Фото - Caravan.kz

42,5 шақырымға созылған сында Винокуров бар болғаны 14-ші боп мәре сызығын кесті. Осылайша ол жалпы есепте 4-ші сатыға сырғыды. Бұл айналымда көш бастаған Тони Мартиннен кейін британдық Брэдли Уиггинс келсе, норвегиялық Эдвальд Хаген — үшінші. Сары жейденің қазіргі иесі  британдық Брэдли Уиггинс, Винокуров одан  екі минутқа артта.

7-9 шілде аралығында «Дэвис кубогы» аясында Қазақстан құрамасымен күш байқасатын Аргентина осы жарысқа жаңа ойыншы қосатынын мәлімдеді.

Ол — әлемнің экс-төртінші ракеткасы Хуан Мартин Дель Потро. «US Open-2009» жеңімпазы өткен маусымды жарақатының кесірінен өткізіп алған болатын. Құрама сапында екі жыл өнер көрсетпеген Дель Потро қазіргі уақытта АТР рейтингісінің 22-сатысында.

Алғашқы орта салмақ бойынша әлем чемпиондары Әмір Ханмен Заб Джуда Лас-Вегастың «Мэндалай» аренасында жұдырықтаспақ. 23шілде күні өтетін текетірестің алдында WBA және IBF нұсқаларының жеңімпаздары Хан мен Джуда кездесті.

Осыған дейін боксшылар арасында жекпе-жектен түскен ақшаны бөлуге қатысты дау туған болатын. Дегенменақырында Хан 55 пайызын, Джуда қалған табысты иемденетіні туралы келісім жасалды. Британдық Хан чемпиондық титулды осыдан екі жыл бұрын иеленген, содан бері оны төрт рет сәтті қорғап шықты. Ал  33жастағы Джуда наурыз айында Кайзер Мабузбен кездесуде жүлдені жеңіп алған болатын.

Норвегияның Осло қаласында жеңіл атлетикадан «Гаухартас лигасының» кезеңі бастауын алмақ. Осы жарыста 13 айдан соң әлем рекордшысы жамайкалық Усеин Болт 200 метр қашықтыққа жүгіреді.

Негізгі күшті  27тамыз бен 4қыркүйек арасында Оңтүстік Кореяда өтетін әлем чемпионатына салғалы отырған желаяқ Ослодағы жарыста шамасын байқап көрмек. «Біраз уақыт өтіп кеткен соң 200 метрге жүгіру мен үшін үйреншікті емес, дегенмен менің мақсатым — өзімнің жақсы формамды қалпына келтіру» — деді ол. 100, 200 метр қашықтыққа және эстафеталық жарыста Олимпиада және әлем чемпионы Болт өз рекордын бірнеше рет жаңартқан желаяқ, оған қоса соңғы үздік нәтиже де Болттың еншісінде.

2016 жылы жазғы Олимпиада ойындарын өткізетін  Бразилия мемлекеті  бұл шараға барын салып дайындалуда. Бұған дәлел ретінде Халықаралық олимпиадалық  комитет Рио-де-Жанейро қаласында жарыс өтетін  нысандарды аралап, оң бағасын берді.

Комиссия  басшысы Наваль Эль-Мутавакель қаланың алдағы ойындарға дайындығын аса жоғары деңгейде деп бағалады.  Атап айтқанда Халықаралық олимпиадалық  комитет өкілдері "Маракана" стадионын  тексеріп шықты. Дегенмен комиссия шешімі бойынша бұл стадион толығымен жөндеу жұмыстарынан өтуі тиіс. Себебі: Олимпиаданың ашылу мен жабылу салтанаты осы жерде өткізілмек.  Рио-де-Жанейродағы комиссия мүшелерінің үш күндік сапары бүгін тәмамдалады.

Соңғы жаңалықтар