Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Қарағандыда қазақ күресінен Қазақстан Республикасының ІІІ жазғы спартакиадасы және ҚР чемпионаты өтті. Спартакиада бағдараламысына енген 46 спорт түрінде ел чемпионаты спартакиада аясында өтсе, төл өнерімізде әр жарыс дербес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осылайша олар  төрт жылда бір өтетін спартакиадаға ерекше мән беруді мақсат еткен.

  • 14 Маусым 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

Жарыс талабы өте жоғары болды, бір балуан басқа күрес түрінде атап айтар болсақ, самбо немесе дзюдода спартакиадада белдессе, қазақ күресінде жарысқа қатыстырылмайды. Сонымен қатарспартакиадада бақ сынаған балуандар ел чемпионатында белдескен жоқ.  Спартакиада қорытындысына тоқталатын болсақ, ең жеңіл салмақтаоралдық Қазыбек Сұпығалиев, 66 келіге дейінгі салмақта бапкерлік қызметке ауысса да шешуші сәтте күртешесін киіп, кілемге қайта оралған әлем чемпионы астаналық Ерлан Естек бірінші орын алды. 74 келіде тағы бір әлем чемпионы шымкенттік Мәди Құрымбаевқа, 82 келіде кілем иесі Дәулет Ысқақовқа тең келер ешкім болмады. 90 келіде әлем чемпионы астаналық Ғани Сейділдаев, 90 келіден жоғары салмақта семейлік Айбек Нұғымаров топ жарды. Ал Жамбыл облысынан келген Әділхан Сұлтанов турнирдің «Түйе балуаны» атанды. Екінші күні өткен төл біріншілігімізде Айдос Сейпілұлы, Ғани Келдіқұлов, Бағдәулет Төлегенов, Асылбек Әлкей, Еркебұлан Байжігіт, Дархан Бижанов, Асылбек Әбдіров, Ерсін Мұхаметжанов ел чемпионы атанды.

Серік Қоржыкенов, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы:

— Қазақ күресінің деңгейін өсіп жатқанын осыдан білу керек. Үш жыл қатарынан әлем чемпионаты өтсе, жақында ғана Балтық жеріне барып, Шәулі қаласында Еуропа ойындарын өткізіп келдік. Оған қазақ күресі де кірді. Белді балуандардың бәрі қатысып жатыр.

Франциядағы «Дофине Либере» веложарысы өз мәресіне жетті.Бастапқыда жалпы есепте көш бастаған қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров нәтижесінде жарысты  үшінші  орынмен аяқтады. Жерлесіміз соңғы кезеңде мәре сызығын  бесінші боп кесті. Алжалпы есепте британдық Брэдли Уиггинс жеңіске жетті. Кэйдл Эванс екінші орында болса, үздіктер үштігін Винокуров түйіндеп тұр.


Ел премьер-лигасында «Астана» жеке-дара көш бастады. 15-турда 4:2 есебімен «Қайсарды» қапы қалдырған астаналықтар 33 ұпаймен турнир кестесінде бірінші келеді.

Лидерден  екі ұпайы аз «Жетісуды» өз алаңында қабылдаған «Ертіс» жанкүйерлердің таң қалысына жеңілісті құшты. Ойынның алғашқы минуттарында тізгін алаң иелерінің қолында еді. 12-ші минутта Предраг Говедарица гол соқса, араға  бес минут салып Константин Заречный есепті еселеді. Алайда26-минута есепті қысқартқан Ұлықбек Бақаевекінші таймда тағы бір гол соғып таразы басын теңестірді. Ойын соңында алаңға шыққан Виктор Ковалев 86-шы минутта керемет соққы жасап, «Жетісуға» жеңіс сыйлады. Есеп- 2:3. Бұл күні «Ақтөбе» минималды есеппен «Шахтердан» ұтылса, «Восток» пен «Тараз» тең тарқасты. «Қайрат» өз алаңында 0:3 есебімен «Ордабасыға», «Атырау» 0:2 есебімен «Тобылға» есе жіберді.

Индонезияның Джакарта қаласында жастар арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды.

Алғашқы күні кілемге шыққан грек-рим күресінің балуандары сәтсіз өнер көрсетті. Жыл сайын алтын медальмен  оралатын Нұрым Дүйсеновтің  шәкірттері биыл 6 қола жүлдемен оралды.

Соңғы жаңалықтар