Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Аргентинада жүздеген жанкүйерлер “Ривер Плейт” командасы жаттығатын “Монументаль” стадионына баса-көктеп кіруді көздеді. Осылайша олар соңғы кезде ойыны көңілдерінен шықпай жүрген командаларына наразылық білдірді.

  • 25 Маусым 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

Жеңілістен көз аша алмай келе жатқан “Ривер Плейтке” 110жылдық тарихында алғаш рет 2-дивизионға ұшып кету қаупі төніп тұр. Стадион алдына жиналған жанкүйерлер клуб басшылығы, аяқдопшылар мен бапкерлердің аттарын айқайлап, олар туралы жағымсыз нәрселер айтты. Уақтылы  жеткен тәртіп сақшыларының көмегімен жиынның соңы ешнәрсеге ұласпады. Клуб ойыншыларына жаттығуды қала шетіндегі алаңда өткізуге тура келді. Алайда ызалы жанкүйерлер ол жерге де жетті. Естеріңізге сала кетейік, “Бельграно” клубымен кездесуде 0:2 есебімен ұтылып келе жатқан “Ривер Плейт” жанкүйерлері алаңға жүгіріп шықан еді.    

Белгілі аяқдопшы Роберто Карлос өз мәнсабын аяқтап, Ресейден кетемін деп ескертуде. Естеріңізге сала кетейік, “Анжи” сапында өнер көрсететін бразилиялық теңбіл доп шеберіне алаңда банан лақтырылған болатын.

Бұл жәйт Самарада өткен премьер-лиганың кезекті матчында орын алған. Бүгін белгілі болғанындай стадион қызметкерлері осыны ұйымдастырған жанкүйерді тапты. Алайда, ол адам іске қатысы бар екенін мүлдем мойындап отырған жоқ. Бұл Роберто Карлосқа ұлтшылдық себеппен көрсетілген алғашқы көрініс емес. Осыған дейін бразилиялық ойыншыға банан көрсеткен “Зениттің” жанкүйері үшін клуб 300 мың айыппұл төлеген. Оқиға қайталанғандықтан, Роберто Карлос футболды қоюды ойлағанын айтты. “Әзірше мен ойынды жалғастырамын, бірақ егер осындай оқиға тағы қайталанса, Ресейден кетемін”,- деді ол.

Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Эшли Янг “Астон Вилладан” “Манчестер Юнайтедке” ауысты. 25жасар аяқдопшы медициналық тексеруден өтіп үлгергенол командамен бес жылдық келісім-шартқа отырған.  

Бейресми ақпарат бойынша, Янгқа төленген ақша 15 миллион фунт стерлингті құрайды. “Бұл мен үшін үлкен бақыт. Командаға 20-шы жүддесін алып беру үшін барымды саламын. Манкуниандықтар сапында ойнау менің бала кезімнен үлкен арманым”, — деді Янг.  


Уимблдон корттарында тартысты кездесулер легі жалғасуда. Неміс қызы Сабин Лисицки екінші айналымда биылғы “Роллан Гарростың” чемпионы қытайлық Ли Надан мықты болды.

Алғашқы сетте ол 3:6 есебімен ұтылса да, кейін есесін қайтарды. Тіркелген нәтиже — 6:4, 8:6. Жақында ғана ауыр жарақаттан айыққан 21жасар теннисші соңғы екі жарым айда  ойыны жақсарып келе жатқандығын айтады. Кезекті матчта оңтүстікафрикалық Кевин Андерсоннан айласын асырған серб Новак Джокович: “Мен өзімнің әлемдегі үздік ойыншылардың бірі екенімді білемін. Сондықтан кезкелген қарсыласты жеңе аламын”, -деді. Осылайша, зор сеніммен сөйлеген Джокович 6:3, 6:4, 6:2 есебімен айқын жеңіске жетті.

Австралиялық Марк Уэббер Еуропа Гран-приінің алғашқы айналымында үздік нәтиже көрсетті. Бұл Валенсияда бастауын алған “Формула-1” жарысының  сегізінші  кезеңі.

Уэббердің уақыты 1 минут 40, 403 секунд. Оның өкшесін басып ресейлік Виталий Петров келді. Фернандо Алонсо  бұл күні мәре сызығын  үшінші  болып кесті. Жалпы есепте көш бастап келе жатқан Себастьян Феттель бұл сында 16-шы сатыға орналасты, неміс былтыр дәл осы жарыста чемпион атанған болатын. Сонымен қатар  жалпы есепте британдық Дженсон Баттон екінші, ал австралиялық Марк Уэббер үшінші келеді.