Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Көпкүндік супервелодода “Тур де Франс” өз экваторынан асып қалды. Бір қарағанда бас бәйге үшін таласатын мықтылар да іріктеліп қалғандай. Ал, спринтрлер бәсекесінде британдық велошабандоз Марк Кавендиш ерлеп тұр.

  • 19 Шiлде 2011
  • 360
Фото - Caravan.kz

Мәртебелі турдың 15-кезеңінде Лимадан шыққан велокеруен Монпелье қаласын бетке алды. Соңғы төрт-бес күннен бері таулы –белестерден шаршаған велошбандоздарды, бұл күні спринтерлік жарыс жолы күтіп тұрды. Сөреден көп ұзамай-ақ пелотонннан суырылып алға кеткен бес белсендінің түпкі мақсаты іске аспай қалды. Көпке дейін берілмеген соңғы екеуін мәреге алты шақырым қалғанда қуып жеткен пелотон, одан әрі спринтерлік бәсекеге дайындықты бастап жіберді. Айналып келгенде спринтерлік тартыс британдық майталман Марк Кавендиштің пайдасына шешілді. Америкалық Тайлер Фаррар екінші, ал италиялық әйгілі велошабандоз Алессандро Петакки үшінші орынды иеленді. Жалпы есепте Франк Шлектен 1 минут 49 секунд алда келе жатқан француз Томас Фоклер көш бастап тұр.  

Америка кубогының жартылай финалына күтпеген жерден Венесуэла құрамасы шықты. Топтық раундта татымды өнер көрсеткен Венесуэла бұл жолы Чили құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Мәселені үзіліске дейін шешіп тастағысы келген Венесуэла жігіттері 34- минутта Вискоррондоның көмегімен есеп ашты. Тек екінші таймда есін жыйған Чили құрамасы бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып нәтижесінде Суасо есепті теңестірді. Осы қарқынмен алға ұмтылған чилилік футболшылар бірнеше өткір шабуылдар ұйымдастырғанымен керемет ойын көрсеткен Венесуэланың  қақпашысы Ренни Веганың өнерін атап кеткен жөн. Есесіне кездесу аяқталарға он минут қалғанда қақпа маңындағы қарбаласты ұтымды пайдаланған Сичеро Венесуэлаға жеңіс сыйлады.   

Жапония әйелдер құрамасы футболдан әлем чемпионы! Германияның Франкфуртінде өткен финалда күншығыс елінің қыздары, матч соңынан бекітілген пенальтиден АҚШ құрамасын ұтып кетті.

Ойын бойы басымдық танытқан америкалық футболшылардың есеп ашатын мүмкіндіктері көп болды. Доп бірде қақпа бағанасына тисе, тағы бір сәтте  оларға мергендік жетіспей жатты. Десе де кездесудің 69- минутында оңтайлы сәтті құр жібермеген Морган АҚШ-ты алға шығарды. Бірақ Жапония да қарап қалған жоқ. Арадаға 13 минут салып Мияма таразы басын теңестірді. Одан әрі екі жақ қанша күш салғанымен таблодағы нәтиже ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды. Қосымша уақтытта да қарсыластар гол соқпай қалған жоқ. Кездесудің 104 минутында Эбби Вамбах АҚШ-ты екінші рет алға шығарғанымен, ойын аяқталуға үш минуттай қалғанда олардың бұл қуанышы  су сепкендей басылды.  Бұл эпизодта бұрыштан берліген допты қақапаға дәл бағыттаған Сава көзге түсті. Не керек, тартысты өткен матчтың негізгі  және қосымша уақыты тең аяқталып, жеңімпаз команданы анықтау үшін пенальтиге жүгінуге тура келді. Бұл сынақта үздік шыққан Жапония әйелдер құрама командасы тұңғыш рет әлем кубогының иегері атанды.          


Формула-1 спорты солтүстіктегі көршіміз Ресейге де келіп жетті. Алдағы тамыз айының ортасынан Сочиде спорттық нысандардың құрылыс жұмыстары басталады. Осы оқиғаға қатысты және алғашқы Гран-Приге дайындық аясында қалада “Формула Сочи” фестивалі өтті.

Осы жылы бой көтеретін алғашқы спорттық ғимаратты Сочи олимпиадасының  атқару комитеті де  пайдаланатын болады. Жалпы жарыс жолы 2014 жылдың күзінде толық салынып бітпек. Краснодар өлкесінің вице-губернаторы және осы өлкенің автомобиль спорты федерациясының президенті Алексей Агафонов  алғашқы құрылыс нысандарының құжаттары сараптамаға жіберілгенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар