Жарияланды: 480

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Қытайдың Шанхай қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда.Су добынан Қазақстан ұлттық құрама командасы  өз тобындағы алғашқы ойында 5:18 есебімен Испаниядан ұтылды. Топтық раунд аясындағы екінші матчын еліміздің бас командасы ертең өткізеді.

Бразилиялық «Коринтианс» клубы өз дегенінде тұрды! Енді аргентиналық шабуылшы Карлос Тевес Оңтүстік Америкада доп тебеді.

«Манчестер Сити» клубының бас жаттықтырушысы Роберто Манчини «Коринтианспен» бір жақты келісімге келгенін айтты. Маусым аралық үзілісті Солтүстік Америкада өткізіп жатқан “Манчестер Ситидің” бапкері Манчини,  Тевестің жаңа клубымен келіссөз әліде жалғасатынын білдірді. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір апта бұрын “Коринтианс” 27 жастағы Тевес үшін «Манчестер Ситидің» есеп-шотына 63 млн доллар құюға әзіре екенін білдірген-ді. Бірақ ол жолы екі жақ келісімге келе алмады. Дегенмен    Бразилияға көңілі ауып жүрген Тевестің арманы орындалып, клуб басшылары бір шешімге тоқтаған сыңайлы. Алайда талантты футболшыны  қаншаға бағаланғаны әлі де құпия сақталуда.         

«Арсенал» мен «Ливерпульдің» ізін ала  Оңтүстік Шығыс Азияға лондондық «Челсиде» келіп жетті. Жаңа маусым алдындағы жиынды Малайзиядан бастауды жөн санаған «ақсүйектер» жергілікті құрамамен жолдастық кездесу өткізбек.

Ал «Челсиге» келген португалдық жас маман Андре Вилаш-Боаш команда алдына жаңа тапсырмалар қойып, жаңа маусымды табысты аяқтауға қазірден бастап кіріскен сыңайлы. Ол алдағы ойындарда футболшылардың шама шарқын байқап, клубтың негізгі сапын анықтамақ. Сонымен қатар  лондондықтар алдағы маусымда чемпиондар лигасында топ жаруды көздеп отыр. «Көктердің» құрамында әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бірақ жақын арада команда сапында жаңа ойыншыларды көріп қалуымыз да ғажап емес.      

Германияның Гамубрг қаласында үшсайыстан Әлемдік чемпиондық серияның төртінші кезеңі мәресіне жетті. Ашық суда жүзу, одан шыққан бойы велосипедпен жарысып, соңынан жүгіруден бәсекеге түскен “сегіз қырлы – бір сырлы” жігіттер арасында аустралиялық үшсайысшы Брэд Калефельд үздік шықты.

Жеңімпазға бары-жоғы бір секунд ұтылған ұлыбританиялық үшсайысшы Уильям Кларк екінші нәтиже көрсетсе, қола жүлде француз Давид Госстың еншісіне тиді. Әйелдер додасында тұғыр төрін толығымен аустралиялық шеберлер жаулап алды. Бас бәйгені Эмма Моффат жеңіп алса, Эмма Джексон мен Эмма Сноусил екінші және үшінші орындарды бөлісті. Әлемдік чемпиондық серияның келесі кезеңі 7- қыркүйекте Лондонда өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін