СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A


СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

“Тур де Франстың” ыстық-суығы басылмай жатып, қазақстандық велошабандоз Валентин Иглинский ерекше қырынан танылып үлгерді.  Көлікке мас күйінде отырған 27 жастағы велошабандозды Ницца маңындағы тасжолда француз полициясы тоқтатқан.

  • 29 Шiлде 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

Қара жолда сағатына 203 шақырымдық жылдамдықпен ұшқан жерлесімізден алынған тест нәтижесі оның шарап ұрттап алғанын анықтаған. Оның қанындағы алкогольдің құрамы Франция заңы бойынша белгіленген мөлшерден әлдеқайда асып түскен. Жылдамдықты асырғаны және масаң күйінде көлікке отырғаны үшін Валентин Иглинскийке айып тағылып отыр. Полицияға берген алғашқы жауабында Валентин, осы күні  қазақстандық әйгілі велошбандоз “Астананың” экс-лидері Александр Винокуровтың үйінде  қонақта болғанын алға тартқан.  Кепілдікке 1900 еуро төлеген велошабандозды полиция сол күні босатқан .

Айдар Ахметов, “Астана” велоклубының коммерциялық директоры:

Оған  есірткі пайдаланған деп те айып тағылуда. Бірақ бұл таза жала. Валентин мұндай пәледен аулақ. Бірақ жылдамдықты асырғанын жасырмайды. Дегенмен сараптама қорытындысы бүгін белгілі болады. Біз Валентиннің таза екеніне сенеміз.

Бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдеге қол салғандар қатары іріктеліп шықты.Ширек финалдан сүрінбей өткен дүлдүлдер ендігі жерде кімнің қандай медальға лайық екенін өзара анықтайтын боолады. Астанадағы әлем біріншілігіне толық команда қосқан еліміздің құрамасы, діттеген мақсаттың үдесінен шыға алмағандай. Олай дейтініміз  додаға түскен он үш боксшыдан жарысты одан әрі жалғастыратын  бесеуі ғана.

«Барселона» биылғы маусымға сақадай сай екенін көрсетті. Мюнхенде жергілікті “Баварияны” 0:2 есебімен  ұтқан каталондықтар «Ауди кубогының»  иегері атанды.

Мүмкін болса, ертерек гол соғуға әрекет жасаған  екі жақ бірден алма-кезек шабуылға кірісті. Алаң иелерінің айып алаңында ойқас салған  Тиагу Алькантара бірінші тайм соңына қарай «Бавария» қақпашысы Буттың осал тұсын тапты. Үзілістен кейін есепті теңестіруге бар күшін салған баварлықтар бірнеше  өткір шабуыл ұйымдастырғанымен одан нәтиже шықпады. Ал 75-ші минутта «Альянс Аренаға»  лық толған жанкүйер Тиагу Альканатараның екінші голына куә болды. «Бавария» қанша тырысқанымен ойын аяқталғанша есепті өзгерте алмады. “Барселонаның” жаңа маусым алдындағы аяқ-алысына қарағанда, Хосеп Гвардьоланың шәкірттері биыл да үлкен биіктіктерді бағындыруға дайын сыңайлы.   

Маусым алдындағы дайындығын мұхиттың арғы бетінде пысықтап жатқан «Манчестер Юнайтед», Солтүстік Америка лигасының жұлдыздарымен  жолдастық кездесу өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті.


Дэвид Бекхэм бастаған америкалық жұлдыздар еуропаның үздік клубымен иық тірестіруге жарамады.  Ойын тізгінін қолдан шығарамаған  «Манчестер» үзіліске дейін екі гол соғып үлгерді. Кездесудің 20-шы минутында Андерсон есеп ашса, бірінші таймның аяғында Пак Джи Сун есепті еселей түсті. Ойынның екінші кезеңі де айтарлықтай өзгеріс әкелмеді. Қарсыластарын адуынды шабуылдың астына алған еуропалықтар Бербатовтың көмегімен есепті 3:0 жеткізсе, 68-ші минутта Уэлбек кездесуге нүкте қойды.

Лондонда өтетін 2012 жылғы Олимпияданың жеңімпаздарына берілетін медальдардың үлгісі белгілі болды. Диаметрі 85 миллиметрді құрайтын медальдің ені 7 миллиметрге тең.

Салмағы 375-400 граммға тең лондондық кәдесый, бұған дейінгі Олимпияда  ойындарындағы медальдардан салмағы мен көлемі жағыннан ең үлкен болмақ. Медальдің бір бетіне Лондон Олимпиядасының белгісі мен күн нұры бейнеленсе, екінші жағында жеңіс құдайы Ника мен Темза өзені қашалған. Дизайн авторы Дэвид Уоткинс өз туындысын спортшылар мен жанкүйерлердің көңілінен шығарына үмітті. Әлемдік дүбірлі бәсекеде топ жарған спортшыларға қазірдің өзінде 2100 медаль дайындау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар