СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Еуропа Лигасының үшінші іріктеу раунды аясындағы алғашқы матчты  Владикавказда жергілікті “Аланиямен” өткізген  “Ақтөбе” көңілден шығатын нәтижеге қол жеткізіп  қайтты.

  • 30 Шiлде 2011
  • 439
Фото - Caravan.kz

“Ақтөбеден” мұндай сый күтпеген аланиялықтар ойын соңынан бармақтарын тістеп қалса керек. Өйткені олардың  қазақстандық клубты оңай ұрып  аламыз деген жоспары іске аспай қалды. Түтіп жейтіндей ә дегеннен шабуылға ұмтылған алаң иелері кездесудің 11-ші минутында опық жеп қалды. Сол қапталған  басталған комбинацияны іле-ала жөнелген Малик Мане,  “Аланияның” айып алаңынан бір-ақ шықты. Одан әрі жеке басының щеберлігін танытқан ақтөбелік футболшы алаң иелерін  сан-соқтырып кетті. Қалайда есепті  теңестіруге тырысып баққан   аланиялық аяқдопшылар бұл мақсаттың үдесінен шықты. Бірақ одан әріге бара алмады. Сырт алаңдағы тең ойын әзірге көңілімізге медет. Ал, қарымта ойын 4-ші тамыз күні Ақтөбеде өтеді.

Дәл осы сағаттарда Астана шаршы алаңында бокстан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері жалғасуда.

Еншімізге бұйырған  әлемдік додаға үкілеп қосқан 13 боксшымыздың сегізі жартылай сынға жете алмай жығылды. Бұл статистика жөнінен жартылай финалға  білдей сегіз боксшысы шыққан Ресей құрамасы алда тұр.  Бұл кезеңге Украина алты ,ал  Қазақстан мен Өзбекстан бес боксшымен жетті.  Бүгінгі жарыс бағдарламасының бірінші бөлімінде Қазақстан құрамасынан  жалғыз Бекжан Кібітқалиев  өнер көрсетті. 54 келіде бақ сынаған жерлесіміз 6:20 есебімен  ресейлік Артем Мелконяннан ұтылып қалды.  Дәл қазір өтіп жатқан  кешкі бағдарлама аясында  шаршы алаңға тағы төрт  боксшымыз шығады. 

Қазақстандық бокс жанкүйерлерін бүгін тағы бір үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Жартылай ауыр салмақ дәрежесі бойынша Дүниежүзілік бокс қауымдастығы тұжырымының чемпионы, жерлесіміз Бейбіт Шүменов өз атағын қорғау жолындағы кезекті бәсекесін өткізеді.

Оның қарсыласы америкалық 38 жастағы кәсіпқой боксшы Дэнни Сантьяго. Чемпиондық атақтан үміткер Дэнни Сантьяго өзінің спорттық жолында 36 кездесу өткізіп оның 31 жеңіске жеткен. Ал, кәсіпқой бокс әлеміне ентелей кірген шымкенттік шебер  айналдырған екі жыл төңірегінде  10 жекпе-жек өткізіп, нәтижесінде  беліне  чемпиондық белбеу таққан  майталман. Өзінің чемпиондық атағын осымен үшінші мәрте қорғағалы отырған Бейбіт, әзірге 12 жекпе-жек өткізіп, тек бір рет жеңіліс тапқан. Бүгінгі титулдық матч Лас- Вегас қаласында өтеді.


2014-ші жылғы Әлем чемпионатының іріктеу додасы аясында Палестина құрамасын ұтқан Таиланд, Азия аймағы бойынша жарыстың келесі раундынан орын тепті.

Өз алаңында  1:0 есебімен жеңіске жеткен Таиланд үшін  бүгінгі  қарымта матчта  тең ойынның өзі жеңіспен пара -пар еді. Ә дегеннен ашық ойынға кіріскен қарсыластар үзіліске дейін қанжығаларын майлап үлгерді.  Кездесудің 6-шы минутында Алян Палестинаны алға шығарса, көп ұзамай оңтайлы сәтті бос жібермеген Тхонглао таразы басын теңестірді. Тактикалық әдіс-айлаға бара қоймаған екі жақ, не керек бүгінгі мтчты тең ойынмен аяқтады. Алдымен алғашқы голдың авторы Алянекінші рет көзге түссе, қонақтар сапында  тағы да сол Тхонглао мергендік танытты. Екі ойын қосындысы бойынша 7:0 есебімен Өзбекстанға жол берген Қырғызстан құрамасы да жарыс жолынан шығып қалды.  

Соңғы жаңалықтар