СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Германияның Бранденбург қаласынан қуанышты хабар келіп жетті.  Ескек есу спортынан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ағайынды Тимофей мен Сергей Емельяновтар алтыннан алқа тақты.  Қазақстандық жас шеберлер екі орындықты каноэдан  200, 500 және 1000 мың метрлік  қашықтыққа ескек есуден алдарына жан салмады.

  • 2 Тамыз 2011
  • 554
Фото - Caravan.kz

Астанада жалауын түсірген  жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты, Ресей  мен Өзбекстан құрама командаларының мықты екенін көрсетті. Өз үйіміздегі жарыста  төрді бермейміз деген айғайлаған еліміздің құрамасы, жалпы есептегі тізімде алғашқы үштікке ілінбей төртінші орынды місе қылды. 

Астана шаршы алаңындае Ресей мейлі, көрші өзбек ағайындардың шаңына ілесе алмай қалғанымызға қынжылып отырмыз. Шын бокс жанкүйерлерінің іші әлем-жәлем, көңілдері екі ұдай.  Мүмкін Бекжан Кібітқалиев алып берген жалғыз алтынға тәубе дегеніміз дұрыс та шығар. Өйткені сонау  2006-жылдан бері еншімізге алтын медаль тимей келген екен. Одан қалса,  ауыр салмақтағы Дидар Төлеген күміс,  Аян Қалыбек пен Асқар Дүйсалы қоржынымызға қола жүлде салып берді ғой. Солайы солай-ау, бірақ… Астана шаршы алаңында алды алты алтын, кемі қос алтын аламыз деп жар салғанымызды ұмытпайық. Мейлі пендеміз ғой, алты алтын деген сөз  мүмкін ауыздан шығып кеткен шығар, ал екі чемпионның біреуі қайда?  Астанада әлем чемпионаты өтетінін естігенде қуанышымызда шек болған жоқ. Бұл жолы  бұрынғы  әр-әр жерде кеткен несібемізді  молынан қайтаратындай сендік.  Ол үшін мүмкіндіктің бәрі жасалды да. Ел біріншілігінен іріктеліп шыққан дүлдүлдерді ерекше қарауға алдық. Бірақ кінәні боксшылардан іздесек қатты қателескеніміз. Оларға тіл тигізетін жөніміз жоқ.  Олар әлі бала,  не үйретіп  не көрсетсең соны қайталайды. Біріншіден Астана шаршы алаңындағы жекпе-жектерді  көз алдыңыздан өткізсеңіз, біраз жайға қанық боласыз.  Көзге бірден ұрынғаны өзбек пен ресей және басқа да  елдердің бірең-сараң боксшылары бойынан   мінез бен шеберлікті және жеңіске деген ерекше  құлшынысты байқадық. Әлі жас демесеңіз, кәнігі шеберлердей қарсысалстарын  жұлып жеуге дайын. Содан соң  Өзбекстан мен Ресей құрамасының мүшелері шетінін мығым , артқа шегінуді білмейді. Жұлқынып тұр. Ал, өз үйінде ұрыс салған  біздің жастар неге солай құлпырмады. Бәрі басылып қалған. Құраманы  бір жыл бойы бағып-қағып дәріс берген бапкерлер оларға не үйреткен. Мүмкін, құраманы жасақтауда бұра тартушылық орын алды ма? Таланттарға бай қазақ елі,  басқа-басқа , ал боксқа келгенде талабы таудай жастардан кенде қалып көрген емес. Не болса да Астанадағы дода  бізге үлкен сын және сабақ болды. Сөздің шыны кейбір мәселелерге қатысты  көңілі құса болып жүрген көзі қарақ  ағайындар Астандағы әлем чемпионатынан үлкен қуаныш, айта жүретіндей жеңіс , алты алашымының абыройын асқақтатып, мәртебсін көтеретін жаңалық күткен еді.  Қайтесіз бәрі басқаша шықты.     

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы америкалық теннисші Серена Уильямс Стэнфордтағы турнирдің бас жүледесін иеленді. Дәстүрлі жарысқа үшінші нөмірмен терілген Серена, финалдық бәсекеде француз Марион Бартолиден алда болды.


Жүлде қоры 700 мың АҚШ долларынан асатын турнирдің ақтық сыны көпке созылған жоқ.  Бір сағат 22 минутқа жалғасқан екі сеттегі ойын Серена Уильямстің пайдасына шешілді. Тай-брейкке  ұласқан алғашқы кезеңде  едәуір қарсылық көрсеткен Бартоли, екінші сетте америкалық теннисшнің қарқынына  төтеп беруден қалды. Есеп 5:7және  1:6.  Жарақаттың кесірінен ұзақ уақыт корт алаңынан көрінбеген Серена Уильямс, осымен өзінің спорттық жолындағы 38 жеңісіне қол жеткізді.

Жаңа маусым алдындағы жиынды мұхиттың арғы бетінде өткізіп жатқан “Барселона”мен “Манчестер Юнайтед” өзара жолдастық матч өткізді.

Мэриленд штатында өткен жолдастық матчты тамашалауға жиналған 81 мыңдай көрермен ,  еуропалық топ клубтардың өнеріне  тәнті болып тарасты.  Кездесудің 22-минутында  өз алаңынан басталған комбинациядан кейін қақпашымен жекпе-жек шыққан Нани шешуші сәтте мүлт кеткен жоқ.  Таблодағы осы нәтиже көпке дейін өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Дегенмен екінші тайм ортасынан асқанда ағылшындардың  қақпасын алыстан дәл көздеген  Тьяго Алькантара таразы басын теңестірді. Бірақ араға алты минут салып қанжығасын майлаған Майкл Оуэн “Манчестер Юнайтедке” жеңіс сыйлады. 

Соңғы жаңалықтар