20 жылдық мерекеге арналған спорт кешіне ҚР ІІМ ішкі әскерлері Алматы құрамасының үздік сарбаздары мен елге танымал спортшылары қатысты. Олардың арасында олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері — боксшы Ермахан Ибрайымов пен жеңіл атлет Ольга Шишигина, биатлоншы Елена Хрусталева және гимнастикадан Бүкіләлемдік универсиаданың жеңімпазы, Азия чемпионы Ернар Ерімбетов болды. Қазақ спортының мақтанышына айналған спорт жұлдыздары Ішкі әскерлер белгісімен көмкерілген мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Ермахан Ибрайымов, Олимпиада чемпионы:
— ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Осындай спорттық кештен бізді қалдырмай шақырғандарына да үлкен рахметімді білдіремін.Алдағы жылдары Әлем және Олимпиадалық ойындарда срабаздарымыз көкбайрағымызды желбірете берсін дегім келеді.
Ел тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген сарбаздар да сый-сияпатсыз қалған жоқ. 2011 жылы ҚР ІІМ спартакидасында бірінші орынды иеленген Алматы құрамасына кубок табыс етілсе, жаппай спорттық іс-шаралар бойынша ерекше көзге түскен бөлімшелер мен үздік сарбаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Хоккейден ұлттық лиганың кезекті турында “Оттава Сенаторзды” қабылдаған “Бостон Брюинз” кезекті жеңіске жетті. Осы табыстан кейін бостондықтар турнир кестесінде көш бастап тұрған “Нью-Йоркке” бір табан жақындай түсті.
Кездесуді ширақ бастаған айдын иелері Здено Хараның көмегімен есеп ашты. Алайда қалған уақытта сауатты қорғанып өткір шабуылдай білген сенаторларлар қатарынан үш шайба соқты. Алдымен Колин Грининг таразы басын теңестірсе, Кайель Туррис пен Эрик Карлссон есепті 1:3 ке жеткізді. Тек осыдан кейін ғана салы суға кеткен Бостон хоккейшілері жанкүйерлердің қызу қолдауымен есепті теңестіріп қана қоймай, маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Қортынды есеп — 4:3, Бостонның пайдасында.
Осы күндері әлемнің ең үздік мото шабандоздары Малайзияның Сепанга қаласында бас қосты. Бұл жерде дәстүрлі Moto GP сайысының сынағы мәресіне жетті.
Алғашқы күні “Ямаха” көлігін тізгіндеген Хорхе Лоренсо үздік уақыт көрсетті. Дани Педроса екінші нәтижеге қол жеткізсе, Кэл Крачлоу үштікті түйіндеді. Өкініштісі, 2010жылғы Moto GP бәйгесінде топ жарған Кейси Стоунер жарақатына байланысты бұл сында өнер көрсете алмады. Жарыс соңынан сөз алған Лоренсо сынақ қортындысы көңілден шықанын мәлімдеді. Сондай ақ екі ай бойы жаңа “Ямаханың” ақауларын жөндеген механиктерге алғыс білдірген ол жаңа маусымда бірнеще мәртебелі турнирларда топ жаруды көздейтінін айтты.
Бендиден Алматыда өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы Швеция хоккейшілеріне 9:1 есебімен жол берді.
Алғашқы екі ойында жеңіспен бастаған Алексей Никишев шәкірттері дәл қазір Ресей құрамасына қарсы ойнап жатыр.