СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Еліміздің шартарабынан жиналған дзюдо күресінің жаттықтырушылары республикалық біліктілікті арттыру курсының табалдырығын аттады. Олар алдағы екі апта бойы спорттық психология мен медицина, тактика мен әдістеме және практикалық жаттығулар бойынша білікті мамандардан дәріс алады.

  • 17 Сәуiр 2012
  • 548
Фото - Caravan.kz

Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі Республикалық мектебі жанынан ашылған курстың түп мақсаты – бүгінгі озық технология заманында бәсекеге қабілетті білімді һәм ұшқыр ойлы білікті спорт мамандарын дайындау болып табылады. Бүгін жалғыз қара күшпен оған дем беретін жалаң ұранмен алысқа шаба аламайсыз. Ол дәурен өткен. Қазір бір олимпиада чемпионын тәрбиелеу үшін  кешенді іс әрекеттсіз ешқашандай нәтиже шықпайды.  Сондай-ақ  сол чемпиондарды тәрбиелейтін  жаттықтырушылардың  білім деңгейіне де аса мән беретін  кез келді.  Шүкір,  жекпе-жек дегенде жанып тұратын қазақ ұландары жапон күресі дзюдодадан  көзге түсіп жүр. Бейжің олимпиадасында Асхат Житкеев  қолаға қол салса, Максим Раков әлем чемпионатында олжа салды.  Алматыдағы курсқа білім мен ілім іздеп келген  оқытушы-жаттықтырушылар құдай қаласа   эстафетаны жалғастыруға дайын.

Курс басшылары  тыңдаушыларды қызықтыру үшін  қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысып-ақ келеді. Мысалы осы жолы дзюдо мамандары назарына    күш атасы Қажымұқан жайлы деректі фильм ұсынылды.  Енді  олар  Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары  Асқар Асубаев, Мелекша Мырзаев, Керей Қойшыбеков , Руслан Базоркин , Жексембай Саламатов және  Ерлан Алпысбаев секілді білікті мамандардан дәріс алатын болады.


Алматыда жасөспірімдер арасында таэквондодан ел чемпионаты мәресіне жетті.

Республиканың түкпір-түкпірінен келген 300-ге тарта жас өрен екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. 8 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшылар арасында түрлі деңгейде топ жарып жүрген майталмандар да баршылық. Турнир қортындысы бойынша өз салмақтарында үздік шыққан Сержан Олжас, Қалжанов Ораз, Мұханов Темірлан және Имантай Айбек сынды жас таланттарға бағалы сыйлықтар табысталды.      

“Челси” Англия кубогының финалында. Сырт алаңда “Тоттенхэмді” ойсырата жеңген Роберто Ди Маттео шәкірттерін енді финалда “Ливерпуль” Матч барысында мамандар бұл ойынның екі ұжымға да оңай болмайтынын айтқан.

Алайда “Челсиді” тоқтату “Тоттенхэмге” бұйырмапты.  Матчтағы есепті Дидье Дрогба ашты. Кот-Д-Ивуарлық шабуылшы Кудичиниге мүмкіндік қалдырмаған. Артынша араға 6 минут салып, Хуан Мата көзге түсті. Екі бірдей доп жіберіп алған Хари Реднапп шәкірттері артынша намысқа тырысып, Бэйлдің көмегімен есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ бұл күні сәттілік лондондықтарға жолдас болды. Кездесудің 77 минутында Рамирес есепті 3-1 ге жеткізсе, артынша Лэмпард есепті ұлғайтты. Ал қосымша уақытта Флоран Малуда ақсүйектерге ірі жеңіс сыйлады.