Бүгінгі жеңістен кейін жалпы есептегі жағдайын нығайта түскен сары жейденің иесіне 0,35 секунд ұтылған оның отандасы Кристофер Фрум мәре сызығын екінші кесті. Бөлек жарысудың шебері швейцариялық дүлдүл Фабиан Канчеллара үшінші орынды місе қылды. Жекелей сыннан кейін генералдық тізімде Брэдли Уиггинс, аустралиялық Кадел Эванс және Кристоффер Фрум үштігі өзгелерден едәуір алға шығып үлгерді. “Астананың” лидері Янец Брайкович, жалпы есепте әзірге он бесінші орында. Ол үстіне сары жейде киген Уиггинстен 6 минут 26 секундқа қалып келеді.
2008 жылы Формула-1 спортынан әлем чемпионы атағын жеңіп алған британиялық пилот Льюис Хэмилтон, олимпиадалық алау эстафетасына қатысты.
Қолына олимпиада алауын ұстаған корольдік спорттың тұңғыш өкілі, Лутон қаласынан Оксфордты бетке алған эстафеташылар арасынан табылды.
27 жасар пилот алғашқы жоспар бойынша өзі туып өскен Стивен Эйдж қаласы арқылы өтетін эстафетаға қатысуы тиіс еді. Бірақ мұндағы эстафета мерзімі, Сильверстоундағы Гран-Примен тұспа-тұс келгендіктен, Хэмилтон туған қаласындағы олимпиадалық шеруден шет қалуға мәжбүр болды. Бүкіл Британияны шарлап шығатын олимпиада алауы 27 шілде күні Лондонға жеткізіледі.
Жақында ғана Еуропа чемпионы атанған Испания құрамасы Лондон Олимпиадасына дайындығын бастап кетті.
Бұл жолы бас команданың тек үш ойыншысы олимпиадалық құрамға қосылып отыр. Олар Хуан Мата, Хорди Альба және Хави Мартинес. Хорди Альба жақында ғана “Барселонамен” 5 жылдық келісімшартқа қол қойған болатын.” Сондай-ақ, Хави Мартинес те каталондық клубқа жаңадан қосылды. Одан бөлек “Манчестер Юнайтедте” өнер көрсететін Давид Де Хеада олимпиадаға бармақ. Басым көпшілігі талантты жастардан құралған Пиреней түбегінің өкілдері бұл жолы да алғашқы орыннан көрінеміз деп отыр.
Әйгілі голландиялық футболшы Кларенс Зеедорф енді Бразилияда доп теппек. Чемпиондар лигасының үш дүркін чемпионы “Ботофого” клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.
Бразилиялық клубтан бөлек Зеедорфты англияның “Вест Хэмі” де өз сапында көргісі келген. Алайда 36 жасар шебер “Ботофогоны” таңдапты. Ардагер ойыншы алғашқы рет 1992-жылы “Аякс” сапында өнер көрсетіп, үш жылдан кейін чемпиондар лигасының чемпионы атанған болатын.Сондай-ақ, Зеедорф үш түрлі клубпен үш рет чемпиондар лигасын жеңген жалғыз футболшы. Голландия құрамасында 87 кездесу өткізіп соның 11-де гол соққан. Футболдағы жеткен жетістіктері үшін голландиялықты “ФИФА” қауымдастығы футбол тарихындағы ең үздік 100 футболшының қатарына қосқан.