СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 525.87
  • 614.37
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Су добынан еліміздің бойжеткендері жастар арасында Азия чемпионында топ жарды. Бұл біздің құраманың сары құрлықтағы тұңғыш жеңісі.

  • 4 Қыркүйек 2012
  • 319
Фото - Caravan.kz

Байрақты бәсекенің алғашқы айналымында жерлестеріміз Өзбекстан құрамасына қарсы өнер көрсетіп, 9:5 есебімен басымдық танытты. Одан әрі Шри-Ланка командасын 17:8 есебімен ойсырата жеңген қазақстандықтар шешуші кездесуде Жапония құрамасының алдын орады. Тартысты өткен финалда 15:12 есебімен жеңіске жеткен еліміздің жастар құрамасы алтынан алқа тағынса, Өзбек құрамасы күміс, ал күншығыс елінің өкілдері қолаға қанағат қылды. Алтын медальдан бөлек жерлестеріміз 2013-шы жылы өтетін әлем чемпионатына қатысу құқына ие болды.     

Мәртебелі көпкүндік велодода Вуэльтаның 15-ші кезеңі испандық Антонио Педроның еншісінде кетті.

186 шақырымға созылған таулы кезең көптеген спортшыларға ауыр тигені анық. Дегенмен Ла Робла мен Кавадога тауларының арасында өткен бұл бәсекеде испандардың жолы болды. Сындарлы сәтте сыр бермеген Педро көмбе сызығын бірінші кессе, оның артын орай тағы бір испандық велошабандоз Рубен Перес Морено екінші нәтиже көрсетті. Ал француз  Ллой Мандори үштікті түйіндеді. Отандық велоклуб “Астананың” өкілі Андрей Кашечкин бұл кезеңде тек сегізінші орынға табан тіреді. Жалпы есепте Хуаким Родригес көшбастап тұр. Кантадор екінші, Алехандро Вальверде әзірге үшінші.

Өткен маусымда футболдан Германия чемпионатын екінші орынмен аяқтаған “Баварияның” жаңа маусым алдында қарқыны күшті.

Екінші турда “Штутгартты” қабылдаған неміс машинасы ірі есеппен жеңіске жетті. Алғашқы таймның 25-минутында қонақтар есеп ашты. Айып алаңына әуелеп жеткен допты бірден қақпаға бағыттаған Мартин Харник болатын. Жауап голы да ұзақ күттірген жоқ. Араға не бары жеті минут салып Томас Мюллер таразы басын теңестірді. Осыдан кейін ойын тізгінін біржола өз қолдарына алған “Бавария” үзіліске дейін қарсы қақпаға тағыда екі гол тоғытты. Алдымен Тони Кроос көзге түссе, Луис Густаво да гол авторы атанды. Екінші таймда да шабуылдарын тоқтатпаған мюнхендіктер Марио Манджукич және Мюллердің көмегімен есепті 5:1 ге жеткізді. Ал Бастиан Шванштайгер бұл бәсекенің нүктесін қойды. Есеп 6:1 “Баварияның” пайдасында. 


Осы күндері Нью-Йоркте теннистен Америка ашық чемпионаты жалғасуда. Әлемнің экс-бірінші ракеткасы Новак Джокович үшінші айналымда француз Жюльен Беннетоға еш мүмкіндік бермеді.

1 сағат 37 минутқа созылған кездесуде Джокович қарсыласының адымын аштырмады. Қортынды есеп 6:3, 6:2 және 6:2. Әйелдер бәсекесінде ресейлік Мария Шарапова отандасы Надежда Петровадан басым түсті. Шарапова бірінші сетті еш қиналмастан алғанымен екінші кезең Петрованың пайдасына аяқталды. Ал шешуші кезеңде жинақы ойынаған Мария ширек финалға жолдама алды. Енді оның келесі қарсыласы Марион Бартоли.