СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Осыдан төрт-бес жыл бұрын үлкен спорттан қол үзген италиялық танымал  велошабандоз Стефано Дзанини,  отандық велоклуб “Астананың”  спорт жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды.

  • 11 Қазан 2012
  • 407
Фото - Caravan.kz

1991 мен  2007 жылдары  кәсіпқой велошабандоз ретінде талай доданың басын шалған Стефано Дзанини, өзінің спорттық карьерасында отыз мәрте тұғыр төріне көтерілген. 1996 жылы “Амстел Голд Рейстің” бас жүлдесін иеленсе,  2000 жылы көпкүндік супержарыс “Джиро  Италияның” екі кезеңінде топ жарған. Әсіресе, “Тур де Франстың ” соңғы және мәртебелі кезеңі Елисей төріндегі жеңісі бәрінен оқшау тұрады. Велоспорт әлемінде өз атын қалдырған Стефано Дзанини, енді  өзінің мол  тәжірибесін “Астананың” алдағы жеңістеріне арнайтын болады.

Шайбалы хоккейден Астананың “Барысы” тағы бір легионермен толықты. Мұхиттың арғы жағындағы ұлттық хоккей лигасындағы локаут кесірінен жұлдызды жолақ елінің белді ойыншылары жаңа клуб іздеуге көшкен.

Талантты жастарды құр жібермейтін “Барыс” басшылығы 23 жасар америкалық Райан Мак Донахпен келісімге келіпті. Соңғы екі жылда Нью-Йорктың “Рейнджерс” командасында өнер көрсеткен қорғаушы ұлттық лиганың белді ойыншыларының біріне айналған. Ол 147 кездесуде сегіз рет көзге түсіп, 37 рет нәтижелі пас шығарған. Америкадан келген хоккейші осы маусымның соңына дейін “Барыста” өнер көрсетпек. Егер ұлттық хоккей лигасының қаржылық жағдайы түзеліп жатса, Мак Донах Нью-Йоркке кететінін жасырмады. Естеріңізге сала кетсек “Барыс” сапын бұған дейін “Виннипег” шабуылшысы Николай Андропов пен “Тампа” қорғаушысы Виктор Хедман толықтырған.        


Екі күннен кейін Еуропаның түкпір-түкпірінде футболдан 2016-шы жылғы әлем чемпионатына іріктеу кездесулері ойналады. Соңғы жылдары дүниежүзілік футболдың көшбасшысына айналған Испания құрамасы алдағы матчқа қызу дайындалуда.

“Қызыл фурия” бапкері Висенте дель Боске Белорусь және Франция командаларына қарсы ойнайтын негізгі құрамды бекітті. Жаңа тізімде лондондық “Челсидың” жартылай қорғаушысы Хуан Мата мен “Барселона” қорғаушысы Херард Пике жоқ. Каталондық клубтың футболшысы жарақатына байланысты бас командаға шақыру алмаса, Хуан Мата бапкердің көзіне ілікпепті. Ал Испания құрамасына “Баварияның” ойыншысы Хави Мартинес қосылды. Сондай-ақ, негізгі құрамда Англияның “Арсеналында” доп теуіп жүрген Санти Касорла да бар. Олар алғашқы матчын қазанның 12- де сырт алаңда Белорусь құрамасына қарсы өткізеді.

Перейти к новостям спорта