СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Дәстүр бұзылмады. 12 жыл қатарынан испандықтар Германияда жеңіске жетер емес. Чемпиондар лигасы аясында мадридтік “Реал” сырт алаңда дортмундтық “Боруссиядан” 2:1 есебімен ұтылды.

  • 26 Қазан 2012
  • 362
Фото - Caravan.kz

Тіпті Икер Касильяс болмағанда Юрген Клопп шәкірттері ірі есеппен жеңіске жетуге жақын болған. Мадридтік қақпашы өз қамалын төрт мәрте қауіпті соққыдан құтқарды. Алайда Касильяс Роберт Левандовски мен Марсель Шмельцерге қарсы тұра алмады. Карольдік клуб сапынан сондай-ақ Криштиану Роналду көзге түсті. Ол 38-минутта қорғаушылар Лукаш Пишек пен Невен Суботичтың өрескел қателігін пайдаланып кетті. Бұл жеңістен кейін “Боруссия” 7-ұпаймен  D-тобында жеке дара көш бастады. Осы квартеттегі өзге матчта “Аякс” жанкүйерлері алдында “Манчестер Ситиден” 3:1 есебімен басым түсті.   

Кезекті Азия чемпиондар лигасына берсек, мұнда плей-офф кезеңінің қызған шағы. Дәлірек айтсақ, сәрсенбі күні жартылай финалдан орын тепкен клубтар алғашқы ойындарын өткізді.  Біздің футбол сүйер қауымды  бірінші кезек, көрші өзбек елінің чемпионы  “Бунедкордың” аяқ-алысы қызықтырары сөзсіз.

Өзбекстан клубы үшін биылғы чемпиондар лигасы сәтті шықты деуге толық негіз бар. Өйткені  ташкенттік футболшылар  араға жылдар салып екінші рет мәртебелі доданың жартылай финалына жолдама алды. Бірақ  өз алаңында оңтүстіккореялық “Ульсан Хендайды” қабылдаған өзбек ағайындар 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Кездесудің 5-минутында қақпаның алыс төменгі бұрышын дәл көздеген Жавлон Ибрагимов  стадион толы көрермендерді бір желпінтіп тастаған. Бірақ олардың қуанышы көп кешікпей су сепкендей басылды. Үзіліске шығар алдында Марсио Рафинья таразы басын теңестірсе,  кездесудің екінші жартысында Ким Шин Вук пен Ли Кен Хо соққан доптар қонақтарға жеңіс әкелді. Қарымта бәсеке 31-қазан күні ойналады.


Соңғы жаңалықтар