СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңінің 3-айналымы өз мәресіне жетті. Биылғы маусымның басты жаңалығы болған махачкаланың “Анжи” футбол клубы англияда әйгілі “Ливерпульмен” кездесті.

  • 27 Қазан 2012
  • 391
Фото - Caravan.kz

Голландиялық маман Гус Хиддинг баптайтын ресейліктер қазір ішкі біріншілікте жеке-дара көш бастап тұр. Еуропа лигасында да қос матчтан кейін 4-ұпай еншілеген “Анжи” өз тобында бірінші болған. Алайда “Ливерпуль” бұл жолы өз жанкүйерлері алдында лайықты ойын көрсетті. Алғашқы таймда Стивен Джерард бастаған алаң иелері бірнеше шабуыл ұйымдастырған. Бірақ қорғаныста сауатты ойнаған қонақтар оңайлықпен берілмеді. Тек екінші таймның басында Стюард Даунинг Владимир Габулов қақпасының кілтін тапты. Қалған уақытта “Анжи” футболшылары қанша тырысқанымен есеп өзгеріссіз қалды. Бұл квартеттегі өзге матчта “Янг-Бойз” өз алаңында “Удинезені” 3:1 есебімен тізерлетті. Үш айналымнан кейін А-тобында “Ливерпуль” 6 ұпаймен алғашқы орынға көтерілді.

Осы күндері Түркияда теннистен жылдың қортынды турниры өтуде. Қос топқа бөлінген әлемнің үздік сегіздігі өзара кім мықтыны анықтауда.

Әлемнің бірінші ракеткасы Виктория Азаренко бұл додадағы басты қарсыласы Серена Уильямстан айласын асыра алмады. Қос сетте де басымдық танытқан Америкалық тенисші қазір бабында. Алғашқы сетте ширақ қимылдаған Уильямс екінші кезеңде де ойын тізгінін уысында ұстады. Қортынды есеп 4:6, 4:6. Қатарынан үш кездесуде жеңілістің ащы дәмін татпаған жұлдызды жолақ елінің өкілі жартылай финалға жолдама алды. Ал белорус қызы келесі кезеңге шығу үшін қытайлық На Ли-ді ұтуы тиіс.       


Көпкүндік веложарыстардың  алды саналатын әйгілі “Тур де Франс” келесі жылы  тек Франция жолдарымен шектеледі. Әйтпесе, соңғы он жылдан бері  айтулы дода Франциямен шегаралас жатқан елдерді де басып өтетін. 

2013-жылғы жарыс жолымен танысу рәсіміне көпкүндік веложарыстардың сайыпқырандары Альберто Контадор, Брэдли Уиггинс, Кадель Эванс , Энди Шлек және Марк Кавендиш щақырылыпты. Осымен  100-  рет жалауын көтеретін  велодода 29- маусым күні Корсика аралынан басталып, одан әрі теңіз жағалауымен  оңтүстік батысты бетке алады. Жарыс қожайындары алдағы “Үлкен Құрықтың” тағдыры 18 шілде күні өтетін таулы кезеңде  шешіледі деп отыр.  Бұл сөздің жаны бар. Өйткені жарысқа қатысушылар тұңғыш рет атақты  “Альп-д Юэз” асуын  бір емес екі рет басып өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар