СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ  ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Әлемнің үздік футболшысы аргентиналық Лионель Месси Еуропаның ең үздік сұрмергені атанды. Испанияның “Барселонасында” өнер көрсететін талантты ойыншы бұған дейін бірнеше мәртебелі сыйлықтармен марапатталған болатын.

  • 31 Қазан 2012
  • 322
Фото - Caravan.kz

Каталондық клуб сапында бір маусымда 50 доп тоғытқан Месси өзінің жақын бәсекелесі Криштиану Роналдудан 4-доп артық соққан. “Алтын Бутсы” иесі атанған Месси бұл жетістігін алдағы уақытта жаңартатынына сенімділік білдірді. Еуропа чемпионаттарының ең үздік сұрмергеніне табысталатын бұл мәртебелі сыйлық былтыр Криштиану Роналдуға берілген болатын. Ол өткен маусымда 40 доп соққан португалдық кәрі құрлықтың үздігі атанған. Қос шебер арасындағы спорттық бәсекелестік жанкүйер қауымның көңілінен шығары сөзсіз.       

40 жылдан бері соғыстан көз аша алмай келе жатқан Ауғанстанда, бүгін  тұңғыш рет кәсіпқой бокс кеші  өтеді.  Спорттық  шараға  бүгінгі кештің басты кейіпкерінің бірі  Германияда тұратын ауғандық  кәсіпқой боксшы Хамид Рахими ұйытқы болып отыр. Кабулдағы кештің орталық матчында  Хамид Рахими мен танзаниялық  боксшы Сайд Мбелва,  Бүкіләлемдік бокс кеңесі тұжырымының   құрлықаралық чемпиондық атағын сарапқа салады.

Ауғандық боксшы соңғы екі жылдан бері  Кабулде “Бейбіт өмір жолындағы-жекпе-жек” айдарымен  бокс кешін өткізуді жоспарлап жүрген.

Міне, бүгін соның реті келіп отыр. Оның қарсыласы танзаниялық боксшы Сайд Мбелва.  Шаршы алаңда  өткізген 31 кездесуде 19 рет жеңіске жетсе, сегіз матчта жеңіліс тауып, төрт бәсекені тең ойынмен аяқтаған. Онымен салыстырғанда ауғандық Хамит Рахимидің көрсеткіші анағұрлым жоғары. Өрт шалған Ауғанстаннан Германияға қоныс аударған  Рахими  өзі қатысқан 21 кездесудің тек бірінде ғана  жеңілістің ащы дәмін татқан. Ауған жеріндегі тұңғыш кәсіпқой бокс кеші  Кабулдағы “Гази” стадионында өтеді.     


Ал осы күндері Парижде теннистен мастерс сериясының алғашқы айналымы өз мәресіне жетті. Бірінші кезеңде испандық шебер Марсель Гранольреспен жолы түйіскен ресейлік Михаил Южный екі сетте қарсыласынан оңбай ұтылды.

1 сағат 28 минутқа созылған кездесуде испандық ширақ қимылдап, өз дегеніне жетті. Южный тек екі брейк-пойнтты ғана жүзеге асырған. Ал Гранольерс бес брейк жасап, ресейлікті қиын жағдайда қалдырды. Бұл қарсыластар бір-бірімен төрт рет кездескен. Әзірше есеп 2:2. Франция астанасында табысты өнер көрсеткен испандық 4:6, 3:6 есебімен жеңіске жетті. Енді ол келесі айналымда отандасы Давид Феррермен кездеспек. Өзге бәсекеде турнир қожайыны француз Жиль Симон кипрлық Маркос Багдатисты екі сетте қапы қалдырды. Мұндағы есеп 7:5, 6:1.

Соңғы жаңалықтар