СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті турында былтырғы чемпион атыраулық “Бейбарыс” өз айдынында рудныйдың “Горняк” командасын қабылдады. Біріншілік басында тұралап қалған атыраулықтар ірі есеппен жеңіске жетті.

  • 1 Қараша 2012
  • 318
Фото - Caravan.kz

Алғашқы кезеңді сәтті бастаған қонақтар Михаил Гавриловтың көмегімен есеп ашты. Алайда үзілістен кейін намысқа тырысқан, айдын иелері бес бірдей жауапсыз шайда соқты. Денис Козырев таразы басын теңестірсе, Александр Егоров үш рет қарсы қақпаны дәл көздеді. Ал Павел Акользин есепті 5:1-ге жеткізген. Үшінші жиырма минуттықта қонақтар Александр Нуректің көмегімен есеп айырмасын қысқартты. Қортынды есеп 6:3 “Бейбарыстың” пайдасында. Қазақстан чемпионатының екі дүркін чемпионы әзірге 8-ші орында келеді. Ал көш басында 44 ұпай еншілеген “Арлан”.

Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген  ауғанстандық  кәсіпқой боксшы Хамит Рахими,  өз халқына керемет сый жасады.  Тұңғыш рет ауған жерінде  өткен  кәсіпқой бокс кешінде жергілікті  шебер, танзаниялық қарсыласы Сайд Мвелбаға дес бермеді.

Бүкіләлемдік бокс кеңесі тұжырымының  құрлықаралық чемпиондық  атағы сарапқа түскен бәсекеде, Рахимидің жеңісіне ешкім де шүбә келтірген жоқ.  Танзаниялық қарсыласын   төмпештеумен  болған  ауғандық  жігіттің кезекті бір соққысынан кейін төрешіге жекпе-жекті  тоқтатудан басқа амал қалған жоқ. Не керек техникалық нокаутпен жеңген  Хамит Рахими , Бүкіләлемдік бокс кеңесі тұжырымының құрлықаралық чемпиондық белбеуін  иеленді. Бұл күндері отбасымен Германияның Гамбург қаласында тұратын  Хамит Рахими,  матч соңынан  өзінің чемпиондық белбеуін туған халқына арнайтынын мәлімдеді.  


Парижде өтіп жатқан  “Мастерс” аясындағы турнирге екінші айналымнан қосылған Томаш Бердых, алғашқы сынақты сәтті өткізді.  Әлемдік рейтингте алтыншы орынға жайғасқан 27-жастағы чех, осы тізімде  өзінен әлдеқайда төмен орналасқан   итлиялық құрдасы  Андреас Сеппимен кездесті.

1 сағат 40 минутқа жалғасқан  бәсекенің бірінші кезеңі, тай-брейкке ұласып,  шешуші сәтте жеңісе деген жігерлік танытқан чех жеңісті жұлып кетті.  Одан әрі тізгінді қолдан шығармаған  әлемнің алтыншы ракеткасы, Париждегі турнирдің келесі сатысына аяқ басты. Турнирдің келесі сеттегі ойында арлы-берлі теңселген таразы басы, аса шиеленсті өтті.  Өз еліндегі додаға алтыншы нөмірмен терілген  Жо-Уилфрид Тсонга , осы күні  30 жастағы отандасы Жюльен Беннетодан айласын асырды.  Үш сетке созылған  ойын нәтижесі 6:2, 4:6 және 7:6 .  Осы турдағы  тағы бір матчта жапониялық  теннисші Кеи Нисикори 7:6,6:2 есебімен француз  Бенуа Пэрден басым түсті.

Соңғы жаңалықтар