СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Парижде өтіп жатқан теннис турнирының бірден-бір фавориты аргентиналық Хуан Мартин Дель Потро жарыстан шет қалды. Оңтүстік америкалық шебер Мастерс сериясының үшінші айналымында жергілікті теннисші Микаэль Ллодраға екі сетте ұтылды.   

  • 3 Қараша 2012
  • 347
Фото - Caravan.kz

Америка ашық чемпионатынан бері жеңіліп көрмеген, Дель Потро бұған дейін Базель мен Венадағы додаларда қарсылас шыдатпаған. Алайда 11 рет қатарынан жеңілістің ащы дәмін татпаған аргентиналық бұл турнирдағы рейтингі ең төмен теннисшіден оңбай жеңілді. Қорытынды есеп 6:4, 6:3. Енді француз ширек финалда Милош Раонич пен Сэм Куэрри жұбының жеңімпазымен шеберлік байқаспақ. Естеріңізге сала кетсек, Куэрри, Новак Джоковичтан басым түскен болатын. Бұл сәтсіздікке қарамастан сербиялық жақын уақытта әлемнің бірінші ракеткасы атануы ғажап емес. Өйткені оның басты қарсыласы швейцариялық Роджер Федерер Париждегі бәсекеге қатысудан бас тартқан болатын.     

Мадридтық “Реал” футбол клубының алты бірдей ойыншысы, әлемнің үздік футболшысы атағына үміткер. Әлемдік футбол қауымдастығы бұл мәртебелі атаққа лайық шеберлердің есімдерін жариялады.

Бұл тізімге корольдік клуб сапынан Криштиану Роналду, Икер Касильяс, Карим Бензема, Месут Озил, Серхио Рамос және Хаби Алонса бар. Алайда басты үміткер ретінде аргентиналық талант Лионель Мессиде биыл басты назарда. Естеріңізге сала кетсек, Месси әлемнің үздік футболшысы деп үш жыл қатарынан танылған болатын. Дүние жүзінің маңдай алды ойыншысын әлемнің барлық құрамаларының, команда капитаны мен бас бапкері, сондай-ақ мәртебелі спорт басылымдарының редакторлары дауыс беру арқылы анықтайды. “Алтын доптың” иегері 2013-жылы 7-қаңтарда белгілі болады.  


Шайбалы хоккей-миллиондаған  көрермендердің  жүрегін жаулап алған  ең тартымды да қызықты спорт ойындарының бірі. Шапшаңдық пен алғырлық және  көздің жауын алар комбинациялық ойын сәттері, көп жағдайда төбелеске ұласып жатады. Жанкүйерлердің делебесін қоздыратын  мұз айдынындағы шайқас Словакия  біріншілігінде орын алды.

Сексен мыңдай тұрғыны бар, Орталық Словакияның басты  қаласы  Банска-Бистрицаға қонаққа келген Попрад клубының хоккейшілері алаң иелерімен тіл табыса алмай кетті. Қызыл төбелесті бастап берген  алаңдағы ойыншылар  бір сәтте рингке айналған мұз айдынын қақпашыларға босатып берді.  Мұнымен салыстырғанда 12-ғасырдағы орыс-швед әскерлерінің мұз үстіндегі шайқасы дала да қалғандай. Бірін-бірі әбден сабаған голкиперлердің жекпе-жегіне төрешілер килікпегенде оның немен бітерін кім білсін. Көрермендерге қызық сыйлаған хоккейшілер арасындағы боксқа ұласқан  матч 3: 4 есебімен Попрад клубының жеңісімен аяқталды. Бұған дейін сырт алаңда үш ойын өткізіп, оның бәрінде жеңіліс тапқан  Банска-Бистрица бұл жолы да өз жанкүйерлерінің үмітін ақтай алмады.

Соңғы жаңалықтар