СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

“Шахтер” еуропа лигасының топтық кезеңін жеңіліспен бастады. Сырт алаңда Грекияның “ПАОК” командасымен кездескен Виктор Кумыков шәкірттері соңғы минутта тең есепті уысынан  шығарып алды.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 286
Фото - Caravan.kz

Тең есеп түгілі қарағандылықтар жеңіске жақын болған. Алғашқы таймда қақпаға айтарлықтай қауіп төндіре қоймаған қос команда есеп ашпады. Үзілістен кейін кеншілердің колумбиялық легионері Рохер Каньясқа қарсы айып алаң ішінде тәртіп бұзылды. Пенальтиді өзі орындаған жартылай қорғаушы мүлт кетпеді. Осыдан кейін үлкен күшпен шабуылдаған алаң иелері Александр Мокин қақпасына сәт сайын қауіп төндірумен болды. 75-ші минутта Стефанос Атанасиадос бұрыштама добына бірінші жетіп таразы басын теңестіріп кетті. Ал төреші қосқан қосымша уақытта тең есептін дәмеленіп отырған қазақстандық жанкүйерлердің көңілі су сепкендей басылды.  85-ші минутта жасыл алаңға шыққан Звонемир Вукич соңғы минутта қортынды есепті орнатты.

 

 

Астаналық “Барыс” кезекті үш ұпайды қоржынына басты.  Құрлықтық лига аясында сырт айдында  ханты-мансийскінің “Югра” командасымен кездескен астаналықтар биылғы маусымды сәтті өткізуде.

Кездесуді ширақ бастаған Ари Пекка Селин шәкірттері  не бары 5-ші минутта есеп ашты. Қақпа алдында өрескел тәртіп бұзған айдын иелері булитпен жазаланды. Арада не бары 10 минут өткенде таблодағы есеп 3:0 ге жетті. Гол авторлары Михаил Берюков пен Брендон Боченски. Бірақ “Югра” үзіліске дейін Алексей Пепеляевтың көмегімен есеп айырмасын қысқартып үлгерді. Алайда екінші кезеңде өз мүмкіндіктерін құр жібермеген “Барыс” ойыншылары Михаил Рахмановтың дәл соққысынан кейін тағыда айтарлықтай басымдыққа ие болды. Қалған уақытта қазақстандық командаға лайықты қарсылық көрсете алмаған “Югра” 6:2 есебімен ойсырай жеңілді. Ал бұл табыстан кейін “Барыс” шығыс конференциясында 15 ұпаймен көш бастады. Астаналықтар келесі кездесуін 22-ші қыркүйекте  ресейдің “Автомобилист” команедасын қабылдайды.