СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.31
  • 543.72
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші айналым матчтары ойналды. Орталық кездесуде лодондық “Арсенал” италияның “Наполи” командасын қабылдаған болатын. Топтық кезеңнің алғашқы айналымында дортмундттық “Боруссияны” ұтқан Рафаэль Бенитес шәкірттері сырт алаңда “Арсеналға” лайықты қарсылық көрсете алған жоқ.

  • 3 Қазан 2013
  • 267
Фото - Caravan.kz

Чемпиондар лигасының бұл айналымында “Арсенал” мен “Наполи” арасындағы матчқа ерекше назар ауған. Себебі қос команда да алғашқы бәсекеде қарсыластарын жерге қаратқан. Ішкі чемпионатта көш бастап келе жатқан “Арсенал” көп ұзамай есеп ашты. “Эмирейтс” стадионына жиналған жұрт Месут Өзілдің лондондық клуб жейдесіндегі тұңғыш голына куә болды. Жанкүйерлердің қызу қолдауымен жігерленген алаң иелері 15-ші минутта есепті еселеді. Гол авторы Ольивье Жиру. Қалған уақытта таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Ал “Аместердам-Аренада” “Миланмен” шеберлік байқасқан “Аякс” өз жанкүйерлеріне футбол  қойылымын сыйлады. Бұл жұпта италиялықтар фаворит саналған. Алайда сауатты қорғанып, өткір шабуылдаған голландиялықтар қонақтардың адымын аштырмады. Тек матчтың соңғы минутында “Милан” қақпасын дәл көздеген Стефано Денсвил “Аяксқа” жеңіс сыйлауға жақын болған. Бірақ қосымша уақытта Марио Балотелли пенальтиден таразы басын теңестіріп кетті.

Қалған бәсекелерде “Порту” 1:2 есебімен “Атлетикоға” жол берсе, “Стяуа” “Челсиден” 0:4 есебімен ойсырай ұтылды. “Шальке” сырт алаңда “Базельден” басым түссе, дормундттық “Боруссия” “Марсель” қақпасына жауапсыз үш доп соқты. Ал бүгін сіздер біздің арнадан түңгі сағат 00:45 те  “Манчестер Сити” мен “Бавария” арасындағы матчты тікелей эфирден тамашалай аласыздар.  

 

 

«Алаш Прайд» кәсіпқой клубының сарбазы Қуат Хамитов,  Үндістандағы  Super Fight League  тұжырымы аясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.  Мәртебелі жарыстың басты жекпе-жегі саналған бәсекеде, жерлесіміз осы лиганың белді сарбазы ауғандық Баз Мұхамедті жықты.

Super Fight League  —  Азиядағы ең күшті тұжырымдардың бірінен саналады.  Бары-жоғы екі жыл ішінде отызға жуық жарыстар өткізген  Супер файтинг лига  (SFL) биыл өз қатарына   қазақ жігіттерін тарта бастады.  Олардың бәрі   аралас жекпе-жек әлеміне ентелей кірген отандық «Алаш Прайд» кәсіпқой клубының  сарбаздары. Үндістандық мәртебелі лиганың дәмін алғаш татқан Қуат Хамитов болды.  70 келіде күш сынасқан жерлесіміз осы ұйым чемпионы әрі көзайымы болып келген ауғандық  жампоз Баз Мұхамедпен кездесті.


Қуат Хамитов, «Алаш Прайд» кәсіпқой спорт клубының сарбазы:

— Үндістанға келгенде маған пысқырып қараған біреу болмады. Бәрі әлгі ауғанның соңынан жүгіріп жүрді. Таразыға тартылғанда Баз Мұхамедтің салмағы  екі келі артық шықты. Бұған да мән бермеген ұйымдастырушылар, ауғанның сөзін сөйлеп кетті.

Бес минуттан тұратын үш раундтық жекпе-жекке өз бағаларын берген әділ-қазылар алқасы, жеңісті і  Қуаттың қанжығасына байлап беріпті.

Қуат Хамитов, «Алаш Прайд» кәсіпқой спорт клубының сарбазы:

— Екеуміз  үш раунд бойы  алысып-жұлыстық . Қарсыласымды жеңгенім          сол екен бәрі мені қолпаштай жөнелді.

Үнді-қытай түбегінде дәурен құрған ауғандық арланды  тақтан құлатқан Қуат,  титулдық жекпе-жекке бір табан жақындады деуге негіз бар. Мүмкін тағы бір бәсекеден кейін қазақтың батыры   SFL чемпиондық белбеуі үшін таласуы әбден мүмкін.