СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

“Шахтер” Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі тұңғыш ұпайына қол жеткізді. “Астана-Арена” стадионында израильдің “Маккаби” командасын қабылдаған қарағандылықтар жеңіске жақын болған. Бірақ екінші таймда қорғаныста өрескел қателік жіберген Виктор Кумыков шәкірттері жеңісті уысынан шығарып алды.

  • 5 Қазан 2013
  • 228
Фото - Caravan.kz

Бірінші таймның басында “Шахтер” қонақтар қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырған. Алайда “Маккаби” қорғаушылары сыр берген жоқ. Тек үзіліске жақындағанда “кеншілер” капитаны Андрей Финонченко есеп ашты. Ал арада бес минут өткенде қарағандылықтар Боян Шаранов қақпасын тағы бір мәрте дәл көздеді. Гол авторы — Евгений Тарасов. Үзілістен кейін жанданған “Маккаби” 54-ші минутта Хэн Эзраның көмегімен есеп айырмасын қысқартты. Бұл эпизодта қорғаушылардың өрескел қателігін де айта кеткен жөн. Осы голдан кейін таблодағы есеп көпке дейін өзгеріссіз қалған. Кезекті ойын сәтінде айып алаң сыртынан шірене тартқан Алон Тургеман Мокин қақпасының тоғыздығын дәл көздеді. Қортынды есеп 2:2. Біздің топтағы өзге кездесуде “АЗЭ” өз алаңында “ПАОК”пен тең ойнады. Мұндағы есеп 1:1.

 


 

Қарағандылық тағы бір команда Еуропада тең ойнады. Футзалдан УЕФА кубогы жолында Украинаның Харьков қаласында өнер көрсетіп жатқан “Тұлпар” италияның “Марка” клубымен ұпай бөлісті.

Тәжірибелі италиялықтар кездесуді ширақ бастап бірінші тайм барысында “Тұлпар” қақпасына екі гол тоғытқан. Бұрыштамадан жеткен допты қақпада тулатқан Киманьгино есеп ашты. Ал қапталмен бойлай өткен Бертони есепті еселеді. Үзілістен кейін ширақ қыймылдаған қарағандылықтар таразы басын теңестірді. Алекс пен Дуглас бір-бір голдан соғып қорытынды есепті орнатты. Ертең “Тұлпар” францияның “Спортинг” командасымен шеберлік байқасады.