СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Жаңа бағыт ұстанған  Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы, соңғы төрт-бес жыл ішінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.   Халықаралық қауымдастықта болып жатқан жаңа үрдістерге қазақ елінің де қосқан үлесі аз емес. Өздеріңіз білетіндей Бүкіләлемдік бокс сериясының тұсауы Алматыда кесілді. Енді әсем қала Алматы жақын күндері ересектер арасындағы әлем чемпионатын қабылдауға әзірленуде.

  • 10 Қазан 2013
  • 330
Фото - Caravan.kz

Бір кездері  қазақ боксының  ұстаханасы болған Алматы, қазір де өз орнын жоғалта қойған жоқ.  Дегенмен соңғы жылдары алматылықтар арасынан  Қазақстан құрамасына лайықты боксшы табылмай жүр.  Алматы қалалық бокс федерациясын мазалап жүрген басты мәселе де осы. Кеше басталған Алматы қаласының біріншілігіне 97 боксшы жіберіліпті.  Осы сында көзге түскен майталмандар  Атырауда өтетін ел чемпионатына жолдама алады.  Алматының үздік боксшыларын іріктейтін сынақ  АИБА ның жаңа ережесіне сәйкес өткізілуде. Дулығаны шешкен боксшылар жекпе-жегіне  шаршы алаңды жағалай жайғасқан үш төреші баға береді. Мұнда  әр раундтың қорытындысы есепке алынып отырады.  Жекелей сыннана өтіп жатқан қала чемпионаты алдағы сенбіге дейін жалғасады.

 

 

Континентальдық лиганың тұрақты чемпионатында кезекті турдың  нәтижелері белгілі болды. Шығыс конференцияда көш бастап тұрған Астананың «Барысы» өз алаңында   Подольскіден келген «Витязьді» қабылдады.

Алма-кезек шабуылға ұласқан шиеленіске толы бәсекенің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды.  Әр командадан төрт ойыншы қатысқан бес минуттық  овертайм да таблодағы есепке өзгеріс әкелмеді.   Айналып келгенде жеңімпазды анықтау үшін  буллитке жүгінуге тура келді.  Міне осы тұста  «Барыстың»  қақпашысы  Ари  Ахонен  ерледі.   Финляндиялық легионеріміз  буллиттік серияда өз қақпасына бір де бір  шайба  жіберген жоқ.  Әупірімдей жүріп екі ұпай олжалаған    «Барыс»  келесі турда Мәскеудің «Динамосын» қабылдайды.