Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Алдағы жұма және сенбі күндері  Қытайдың Гуянг қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының тұрақты чемпионаты аясында ерекше көзге түскен он боксшы  Лондон олимпиадасының алғашқы жолдамаларын сарапқа салады.  Олардың арасында  қазақстандық клуб “Астана Арландарының” қос боксшысы бар.

  • 27 Мамыр 2011
  • 499
Фото - Caravan.kz

Аса жеңіл салмақ дәрежесінде жерлесіміз Қанат Әбутәліпов 2007- жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері “Париж Юнайтед” клубының өкілі Нордин Оубаалимен қолғап түйістіреді. Француз боксшысы  Гуянгте өткен “Астана Арландары” мен “Париж Юнайтед”  арасындағы ақтық сында өнер көрсеткен жоқ.  Ол өз командасы сапында алты кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Ал  Ержан Мүсәпіров  олимпиада жолдамасы үшін қытайлық боксшы Ванг Жиминмен  күш байқасады.  Маусым бойы қарсыластарына дес бермей келген Ванг Жимин  тек біздің Ержаннан жеңіліс тапқан екен.  Жерлестеріміз өз жекпе-жектерін 27  мамыр күні  өткізеді.

Қазақстандық теннисші  Михаил Кукушкин  “Ролан Гарростың” екінші айналымында ресейлік Михаил Южныйдан ұтылып қалды. Үш сеттегі ойын нәтижесі 6:3,7:5 және 6:4. Әлемнің екінші ракеткасы серб Новак Джоковичтің жеңісті жолы одан әрі жалғасуда.

Ашық чемпионаттың екінші раундында румын Виктор Ханескуді қапы қалдырған Джокович, үшінші айналымда  Аргентина теннисінің  мақтанышы Хуан Мартин Дель Потромен  кездеседі.  2009 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында топ жарған Дель Потро бүгінгі турда словениялық Блаз Кавчичті айқын ұтты. Есеп: — 6:3, 6:2, 6:4.  Әлемнің экс-бірінші ракеткасы Роджер Федерердің  де аяқ алысы жаман емес.  Швейцариялық шебер   1 сағат 25 минутқа жалғасқан бәсекеде 6:3, 6:0 және 6:2 есебімен  француз Максим Тейскейраны жарыс жолынан шеттетті. Осы турда “Ролан Гарростың” былтырғы жеңімпазы италиялық Франчески Скьявоне ресейлік Весна Долонцты, ал әлемнің үздік теннисшісі   Каролин Возняцки канадалық құрбысы Александра Возняктан мерейін асырды.

Менхенгладбахтың “Боруссиясы ” бундеслигадағы жылы орнын сақтап қалды.  Олар екі ойыннан тұратын өтпелі матчтың нәтижесі бойынша “Бохумның”  алдын орап кетті.

Менхенгладбахтағы алғашқы бәсеке 1:0 есебімен  алаң иелерінің пайдасына шешілсе,  қарымта  матч 1:1 есебімен аяқталды.  30 мыңға жуық көрермен тамашалаған Бохумдағы ойын аса тартысты өтті. Алма-кезек шабуылға ұласқан кездесудің 24-ші  минутында  Дабровски мен Айдын ұйымдастырған комбинация  қонақтарды сан соқтырып кетті. Бұл эпизодта көлденең жеткен допты абайсызда өз қақпасына соғып алған  қорғаушы  Нордвейт автоголмен көзге түсті.   Үзілістен кейін ойын тізгінін қолға алған “Боруссияның” кезекті бір шабуылы голмен тынды.   Камарго ұйытқы болған комбинацияға нүкте қойған Марко Ройстың  шамамен 15-метрдей қашықтықтан тепкен добы  қақпадан табылды. Сонымен  “Боруссия” алдағы маусым  бундеслигада өнер көрсететін болса, “Бохум” бұл үмітімен кем дегенде тағы бір жылға қоштасты.


Шығыс конференцияның финалдық жұбын құраған  “Тампа” мен “ Бостон”  өзара алты рет кездесіп үлгерді. Тмапада өткен алтыншы матчта  5:4 есебімен алаң иелерінің жолы болды.

Бүгінгі ойында  өз есептеріне үш шайба және сегіз ұпай жазған  Тампаның” белді хоккейшілері  Мартин Сен Луи, Стивен Стэмкос және Винсан Лекавалье ерекше белсенділік танытты.  “Бостонның” сапынан үш голдың авторы атанған Дэвид Крейчиді атап кетуге болады.  Екі клубтың қайссысы Стэнли кубогының финалында өнер көрсететінін  жұма күні өтетін   жетінші, яғни  шешуші бәсеке анықтап бермек. Әзірге жалпы есептегі нәтитже  — 3:3.  

Соңғы жаңалықтар