Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Шымкентте қазақ күресінен  Қажымұқан атындағы халықаралық турнир өтті. Дәстүрлі додаға биыл жеті елдің 160-қа жуық балуаны келді. Турнирдың ерекшелігі - бас жүлдеге 10 су жаңа темір тұлпар тігілді, сонымен қатар төрешілер әділдігі жіті қадағаланды.

  • 31 Мамыр 2011
  • 416
Фото - Caravan.kz

Халықаралық турнир қортындысына келетін болсақ, 54 келі салмақ дәрежесінде  кілем иесі Руслан Үсенбеков  чемпион атанды. 60 келіде тараздық Ардақ Құлжанов, 66 келіде мақаншылық Айдар Қайырбаев жеңіс тойын тойлады. Самбодан әлем кубогының иегері атанған Айдар соңғы жылдары күрестен қол үзіп, бапкерлік қызметке ауысса да,жеңіске ие болды. 74 келіде шымкенттік Мәди Құрамбаевқа, 82 келіде семейлік Мұхит Тұрсыновқа тең келер ешкім болмады. 90 келіде шымкенттік Нұрзат Бегасылов жеңіске жетті. Турнирде жалғыз салмақтағы ғана жеңісті қонақ иеленді. Турнирдың түйе балуаны Монғолиядан келген  балуан атанды.

Каталония өз қаһармандарын қарсы алды. Осымен 4-ші рет Еуропа Чемпиондар лигасын жеңіп келген «Барселона» өз клубының түсіне боялған ұшақтан түсе салып,миллиондаған жанкүйерлерінің алдына шықты. «Чемпиондар» автобусында қаланың орталық көшелерімен жүріп өткен үздіктер «Камп Ноуға» тартты.

Каталонияның бас аренасы жанкүйерге лық толды. Екі сағат бұрын трибуналарды толтырған жанкүйерлерден бөлек стадионға кіре алмай, сыртта қалғандары қаншама. Ойыншылар алаңға балалармен бірге шықты және Ла Лига мен Чемпиондар лигасындағы қос жеңісін өз жанкүйерлеріне арнады. Керемет шоудың басты кейіпкерлері — сальто жасаған Серхио Бускетс пен қызыл цилиндрде шыққан Дани Алвес. Кейін әр ойыншы құттықтау сөз айтты.  Отшашумен аяқталған салтанатты шарадан кейін аяқдопшылар мерекені атақты әнші Шакираның концертінде жалғастырды.

Биыл Италия чемпионаты мен Еуропа Чемпиондар лигасында жолы болмаған “Интер” абыройын қайта асқақтатты. Ел кубогының финалында “Палермомен” күш байқасқан олар 3:1 есебімен жеңіске жетті. 

“Интер” алаңға шыққаннан кейін алғашқы минуттан-ақ белсенділік танытты. Африйе Аскуадан   Тьяго Мотта қасқағым сәт ішінде допты қағып алып, Это`Оға пас берді. Ол өз кезегінде еш қиындықсыз алғашқы голдың иесі атанды. Бірер сәттен соң ЭтоО допты өз командасынан айырмай, екінші голдың себепкері болды. Есеп — 2:0. Уақыттың аяқталуына дейін командасына үміт берген Эзекиль Муньос есепті қысқартты. Дегенмен соңғы минутта үшінші голмен Диего Милито командасын толық жеңіске жеткізіп,  ойын 3:1 есебімен аяқталды.


Ярослава Шведова «Ролан Гарростың» жұптық сынында Ваниа Кингпен бірге ширек финалға аяқ басты.

Уимблдон мен АҚШ Ашық біріншілігінің жеңімпаздары 2:6, 6:3, 6:4 есебімен тайпейлік Ян-Жан Чан мен румын Моника Никулескуды қапы қалдырды. Олардың ендігі қарсыласы ресейлік Надя Петрова мен австралиялық Анастасия Родионова дуэті болмақ. 

Новак Джокович өзінің жеңісті жолын жалғастыруда. Жыл басынан бері бірдебір рет жеңілістің ащы дәмін татпаған серб атақты Роджер Федерердің рекордынан асып түсті. «Ролан Гарростағы» кезекті матчта ол француз Ришар Гаскенден айласын асырды.

Ширек финал жолындағы кездесуде Джокович еш бүгелмеді, үш сетте де айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп — 6:4, 6:4 және 6:2. Франция ашық біріншілігінің төрттен бірінші финалында Джокович италиялық Фабио Фоньинимен кездеседі. Ол өз кезегінде 4,5 сағатқа жалғасқан матчта испандық Альберт Монтанеспен  төрт сетте үздікті анықтай алмады. Қосымша сетте аяғы жарақаттанғанына қарамастан, Фоньини 11:9 есебімен айласын асырды. Әйелдер арасындағы бәсекеде тартысты текетірес Франческа Скьявоне мен Елена Янкович арасында өрбіді. Италиялық теннисші ұпай жоғалтқан жерінен тізгінді өз қолына алды. Ақырында серб қызынан басым түсті, есеп — 6:3, 2:6, 6:4. Сонымен қатар жергілікті Марион Бартоли және ресейлік Мария Шарапова келесі кезеңге өтті.   

Соңғы жаңалықтар