Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

“Ролан Гарростың” жартылай финалында  бақ сынайтын теннисшілердің алды белгілі болып қалды. Әлемнің үшінші ракеткасы Роджер Федерер ширек сында  француз теннисшісі Гаэль Монфиске дес бермеді. 

  • 2 Маусым 2011
  • 461
Фото - Caravan.kz

Екі жарым сағатқа жалғасқан бәсеке 6:4, 6:3 және 7:6 есебімен аяқталды. Швейцариялық шебер жарыстың жартылай сынында жыл басынан бері  жеңілістің ащы дәмін татпаған серб Новак Джоковичпен кездеседі. Британиялық Энди Маррэй мен серб Виктор Тройцкиге  өзара жеңімпазды анықтау үшін бес сет бойы арпалысуға тура келді.  Жеме-жемге келгенде тәжірибелі  теннисші Энди Маррэй жеңісті жұлып кетті.  “Ролан Гарростың” былтырғы чемпионы  италиялық Франческа Скьявоне әзірге қарсыластарына  дес беретін түрі жоқ.  Ол ширек сында 1:6, 7:5, 7:5 есебімен ресейлік Анастасия Павлюченковадан алда болды.  Жарыстың жартылай финалында Скьявоне осы күні ресейлік Светлана Кузнецовадан айласын асырған  француз теннисшісі Марион Бартолимен бәсекеге түседі.   

Олимпиадалық ойындардың үш дүркін жеңімпазы,  жамайкалық спринтер Усэин Болт Чехияның Острава қаласында жалауын түсірген әлемдік Гран-придің бас бәйгесін иеленді. 1961 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі жарыста алты бірдей  олимпиада чемпиондары өнер көрсетті.

100 метрлік  қашықтыққа жүгіруден сынға түскен ерлер арасында, көпшілік күткендей  Усэин Болт топ жарды. Оның көрсеткіші 9,91 секундтқа тең.  Оның отандасы Стив Маллингс екінші нәтиже көрсетсе, қола жүлде Антиль аралдарының өкілі    Даниэль Бэйлидің еншісінде. Дәл осындай спринтерлік  қашықтықта жарысқан әйелдер додасында  Жамайканың аты әлемге танымал тағы бір атлеті Вероника  Кэмпбелл  Браун мәре сызығын бірінші қиды. Ол жарыс жолын 10, 76 секундта еңсерсе,  110 метр  қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруде кубалық  жампоз  Дайрон Роблестің мерейі үстем болды.

Биылғы  “Джиро д Италияда” алдына жан салмаған испаниялық велошабандоз Альберто Контадорды  енді ең мәртебелі супервелодода  — “Тур де Франстың” ортасынан көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Экс-астаналық велошабандозға  қатысты  допингілік дау-дамай әлі күнге басылар емес. Естеріңізде болса, былтырғы “Тур де Франста” Альберто Контадордың ағзасынан  тыйым салынған дәрі –дәрмек табылып, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Бұл оқиғаны бақылауға алған   Испания Велоспорт федерациясы  атақты велошабандозды ақтап шыққандай болған. Бірақ,  мұнымен келіспеген Халықаралық велосипедшілер одағы  спорттық арбитраждық сотқа  қайта шағым түсірген-ді. Дегенмен Контадордың алдағы “Тур де Франсқа” жолы түсетін жөні келіп тұр. Өйткені спорттық арбитраждық соттың велошабандозға қатысты кезекті отырысы тамыз айына жоспарланған. Ал  көпкүндік супервеложарыс  “Тур де Франс”  шілденің 2-24 аралығында өтетін ескерсек, онда  әйгілі велошбандоз  өзінің  осы жарыстағы төртінші атағы үшін бақ сынайтын мүмкіндігі бар.


Цюрихте ФИФА-ның 61-конгресі басталды. Жиында Халықаралық футбол ұйымының президенті сайланады, алайда бұл орынға жалғыз үміткер ғана бар.

ФИФА-ның қазіргі президенті Йозеп Блаттер осымен 4-ші рет сайлануда. Блаттерді жемқорлыққа қатысы бар деп айыптаған жалғыз қарсыласы, Азия конфедерациясының президенті Мұхаммед бен Хамам тіпті конгрестен де аластатылды. Айналып келгенде, сайлауға жалғыз түсетін Блаттердің дәурені қайта жалғасатын болып тұр.   Сыбайлас — жемқорлық мәселесі де конгресте  талқыға түспек.  Зепп Блаттердің айтуынша, көп жылдық тарихы бар ФИФА осы себептен  құлдырауда және  ұйымның басты серіктестері,  яғни демеушілері  осыған қатысты наразылық білдіруде. 

Соңғы жаңалықтар