Спортпен қалың бұқараның неғұрлым көбірек айналысуының маңызы зор - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спортпен қалың бұқараның неғұрлым көбірек айналысуының маңызы зор

Спортпен қалың бұқараның неғұрлым көбірек айналысуының маңызы зор

Спортпен қалың бұқараның неғұрлым көбірек айналысуының маңызы зор.

  • 22 Қазан 2010
  • 679
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Оралда «Қазақстан спорт одағы» қауымдастығы мен «Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек үстелде айтылды.

Аталмыш қауымдастық төрағасы Ерлан Жанғұловтың атап өткеніндей, 1400-ден астам адаммен сауалнама жүргізу барысында Қазақстанда тұрғындардың 8,9 пайызы ғана спортпен тұрақты айналысатыны анықталды. Бұлардың арасында ер адамдар әйелдерге қарағанда, екі есе көп. Қазақстандықтардың 63,6 пайызы бос уақытында сериал қарауға құмар. Батысқазақстандықтардың көрсеткіші жоғарырақ, бірақ бұл әлі де күткендегідей емес.

Елбасының тұрғындардың 30 пайызын жаппай спортқа тарту жөніндегі тапсырмасын орындау жолында жасалар істер аз емес. Ауылдарда спорттық нысандардың тиісті деңгейде еместігі де қолбайлау болып келеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар білдірген ұсыныс-пікірлер жинақталып, ҚР Туризм және спорт министрлігінің қарауына жолданатын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера