Ол бұл туралы Ne boldy YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
"Оларда да жоспар бар. Сол жоспарымен біздің елімізге кірді.
Әуелі бай қуатты адамдарды тартуға тырысты. Өйткені, ақша арқылы көп нәрсе жасауға болады.
Екіншісі мемлекеттік қызметкерлер. Мектепті қызыл дипломмен бітіріп, Сирияға кетіп детонатор болып, жарылыс заттарды қалай жасау керек деген соған білімін пайдаланған адамдар да болған. Жаза, сыза білетін мемлекеттік қызметкерлерді тартуда.
Одан кейін өнер адамдары. Бұл туралы айтып та керек емес. Халықтың бәрі біледі.
Сосын, спортшылар. Осы спортшыларды негізі қарау керек. Спортшылардың ішіндегі әсіредіншілдікті әлі де қарау керек. Бұл мәселені астын сызып тұрып қарау керек. Өйткені, проблема бұл жерде жатыр. Діни экстремизмнің проблемасы.
Спортшылардың арасында қаншалықты деструктивті бағытты ұстанушы азаматтар бар. Және солармен жұмыс жасау керек. Олар мемлекеттің атын шығарып жүр. Мемлекеттің атынан шығады. Менің ұғымымда ол елді таныта берсін бірақ түпкі ниетінде ұстанымы радикалды ағым болса ол опа бермейді бізге. Ондай оқиғаға бірнеше рет көзім жеткен.
Көк туды желбіретіп, әнұран қойған кезде кеудеге жүректі қоймау тенденциясы бізде бар ғой. Олардың түсінігінде жүрек тек Аллаға соғу керек. Жүрекке қолды қойып, әнұран айтсаңыз олар үшін шир",- деді теолог.