Спортшыларымыз паралимпиада ойындарына 6 лицензия ұтып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спортшыларымыз паралимпиада ойындарына 6 лицензия ұтып алды

Спортшыларымыз паралимпиада ойындарына 6 лицензия ұтып алды

Қазақстанның паралимпиада құрама командасында әзірге 3 спорт түрінен 6 лицензия бар. Жолдама қағазы спортшыларымызға Рио-де-Жанейрода өтетін он бесінші жазғы Паралимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік береді. Мәдениет және спорт министрлігінде қазақстандық спортшыларының қатысуы мен дайындығын пысықтау жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Қазір таңда бәсеке қыза түсті. Сондықтан спортшыларымыздың қатары көбейеді деген үміт бар. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов спортшыларымыз алты спорт түрінен он лицензия алуды көздеп отыр дейді.

  • 30 Наурыз 2016
  • 401
Фото - Caravan.kz


Елсияр Қанағатов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

— Паралимпиадалық комитетте қазіргі таңда біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Республикалық деңгейде осы азаматтарға арналған орталық ашылды. Соның барлығы – паралимпиадалық қозғалысты Қазақстанда дамыту, алда келе жатқан үлкен спорттық кешенді жарысқа біздің құрама команда жақсы нәтиже көрсетуі үшін жасалып жатқан шаралар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера