Спортты дамытуға арналған бюджет шығыстары дарынды балаларды оқытуға бағытталады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спортты дамытуға арналған бюджет шығыстары дарынды балаларды оқытуға бағытталады

Спортты дамытуға арналған бюджет шығыстары дарынды балаларды оқытуға бағытталады

Туризм мен спортты дамытуға арналған бюджет шығыстары келер жылы 141 млрд теңге көлемінде болады.

  • 12 Қыркүйек
  • 5
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Мәжілісте «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Туризм мен спортты дамытуға арналған бюджет шығыстары 2025 жылы 141 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Аталған шығыстар жоғары жетістіктер спортын дамытуға, оның ішінде Ұлттық спорт орталығын салуға, туризм мен туристік қызметті дамытуға, спорттағы дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталады», — деді А. Бейсенбекұлы.

Сонымен қатар ол мәдениет пен ақпарат саласын дамытуға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 164 млрд теңге көлемінде жоспарланғанын айтты. Бұл шығыстар мыналарға бағытталған:

– мәдениет және мұрағат ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

– мәдениетте, өнерде және спортта дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу;

– сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру.

Келесі басым бағыт – өңірлерді қолдау. Жалпы, 2025 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 7,4 трлн теңге бөлінеді. Осы жылмен салыстырғанда 348 млрд теңгеге артық. Ол – бюджеттің жалпы шығыстарының шамамен 30%-ын құрайды.

Олардың ішінде 5,8 трлн теңге «2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заңға сәйкес субвенциялар, 426 млрд теңге – жалпы сипаттағы трансферттер туралы заңның қолданылу кезеңінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілер бойынша ағымдағы нысаналы трансферттер, сондай-ақ 1,2 трлн теңге – ұлттық жобалар мен өңірлерді дамытудың кешенді жоспарларын іске асыру аясында қарастырылған нысаналы даму трансферттері.

Бұдан бөлек, экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2025 жылға 2,1 трлн. теңге қарастырылған.

Бұл бағыттың басымдықтары: 

– агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; 

– республикалық деңгейдегі көлік инфрақұрылымын дамыту; 

– шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау; 

– экология, су және табиғи ресурстары;

– цифрлық даму және аэроғарыштық саланы дамыту.