Айта кетейік, бүгінгі төрешілер шешімі қоғамда үлкен дау шығарған болатын.
Бүгін кездесуде Аделейд Берд есімді төреші әйел басқа төрешілер Головкиннің пайдасына дауыс беріп жатқанда, керісінше, Альварестің пайдасына дауыс берген (118-110) болатын.
"Меніңше, Аделейд мықты судья. Ол 115-тен аса титулдық жекпе-жектерді өткізді. Біздің тренингтерде үлкен жұмыстар атқарады. Менің ойымша, судья — өте қиын жұмыс. Өкінішке қарай, Аделейд артық кетті, бірақ мен оны ақтап жатқан жоқпын. Бірақ болған нәрсе болды енді", — деді Боб Беннетт.
Ресейлік маман Григорий Стангрит NSAC басшысына сілтеме жасай отырып, Берддің үлкен жекпе-жектерден шеттетілетінін айтты. Ал осыған дейін бірінші орта салмақтағы америкалық боксшы Теренс Кроуфорд осы төрешінің жұмыстан босатылуын талап еткен болатын.
Айта кетейік, бүгін Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.