"Спутник V" екпесінің "дельта" штамына қарсы тиімділігі қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Спутник V" екпесінің "дельта" штамына қарсы тиімділігі қандай?

"Спутник V" екпесінің "дельта" штамына қарсы тиімділігі қандай?

"Спутник V" вакцинасы коронавирустың "дельта" штамына ең тиімді нәтижелерді көрсетті. Вакцинаның штамға қарсы тиімділігі шамамен 83 пайыз болған. Бұл туралы Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді.

  • 11 Тамыз 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгінде "Спутник V" вакцинасы дельта штамымен күресуде ең тиімді нәтижелерді көрсетті. Ресейлік ғалымдардың соңғы зерттеуі бойынша, дельта штамына қарсы тиімділігі шамамен 83 пайыз болды", — деді Мурашко.

Оның айтуынша, вакцина коронавирустан болатын ауыр жағдайдан 95 пайыздан аса қорғайды.

Еске салайық, Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылы 11 тамызда Гамалея атындағы орталықта COVID-19-дың алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеді. Ол "Спутник V" деп аталды. Вакцина адамның аденовирус векторларының зерттелген және тексерілген платформасында жасалған.