Жарияланды: 440

Спутниктік оқыту жүйесіне қосылған мектептер санымен Маңғыстау облысы еліміз бойынша алда келеді

Облыс әкімі Болат Палымбетовтың шешімімен осындағы барлық мектептерді жер серігі антенналарымен қамтамасыз ету мақсатына облыстық бюджеттен 34 млн. теңге бөлініп, Маңғыстау аймақтық "Оқыту барысындағы озық технологиялар" орталығы облыс аумағындағы барлық мектепте спутниктік оқыту жүйесін қолданысқа енгізді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Оқыту барысындағы озық технологиялар" орталығының директоры Марат Сайымның атап көрсетуінше, "Маңғыстау облысы - спутниктік оқыту жүйесін мектептерде 100 процент қолданысқа енгізген Қазақстан бойынша бірден-бір облыс болмақ". Маңғыстау облысында барлығы 101 мектеп бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін