«СҚ-Фармация» компаниясы АҚТҚ ауруын емдеуге арналған 111 мыңнан астам таблетка сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«СҚ-Фармация» компаниясы АҚТҚ ауруын емдеуге арналған 111 мыңнан астам таблетка сатып алды

«СҚ-Фармация» компаниясы АҚТҚ ауруын емдеуге арналған 111 мыңнан астам таблетка сатып алды

Бірыңғай дистрибьютор түпнұсқа (брендалық) Диданозиннің АРВ-препаратын (Видекс) жалпы сомасы 24,5 млн. теңгеге сатып алды. «СҚ-Фармация» компаниясы 111 мыңнан астам таблетка сатып алды, осымен АҚТҚ (ЖҚТБ) емдеуге арналған барлық дәрілік заттарды сатып алуды аяқтады,

  • 28 Маусым 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Диданозин препаратын бұрынырақ сатып алу «Бристол Майерс Сквибб» компаниясының (түпнұсқа препаратты өндіруші) өткен жылдан бастап ТМД елдері, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшін дәрілік заттарды өндіруді және жеткізуді тоқтатуына байланысты жүзеге асырылмаған болатын. Сонымен қатар, Қазақстанда осы препараттың тіркелген генеретигі жоқ.

Бірыңғай дистрибьютор өткен жылдан бастап «Бристол Майерс Сквибб» компаниясымен ұзақ және күрделі келіссөздер жүргізді, осының арқасында қазақстандық науқастарға ерекшелік берілді. Препараттың алғашқы препараты ағымдағы жылдың маусым айының аяғында бірыңғай дистрибьютордың қоймасына түседі, ал шілдеде өңірлерге жөнелтіледі.

Бүгінгі таңда қалған АРВ-препараттарын жөнелту жоспардан 99%-ды құрайды.

Осы топтағы препараттардың әлеуметтік маңыздылығының жоғары болуына байланысты «СҚ-Фармация» тұрақты негізде АРВ-препараттармен жағдайды мониторингілеуді жүзеге асырады.

«СҚ-Фармация» ЖШС денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі шеңберінде стационарлар үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алумен және оларды емдеу мекемелеріне жеткізумен айналысады. Жалғыз ғана ерекшелік — ересектер үшін гемофилиямен ауыратындарға қан ұйы­ту факторы және диабетпен ауыратындарға инсу­лин­дер. Жеңілдікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ амбулаториялық науқастарды емдеу үшін препараттарды сатып алумен жеткізуді денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар