СҚО әкімдігіндегі кеңесте етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A

СҚО әкімдігіндегі кеңесте етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

СҚО әкімдігіндегі кеңесте етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Петропавлда, 27 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов кеңес өткізіп,

  • 30 Мамыр 2011
  • 471
Фото - Caravan.kz

оның барысында басты тақырып ретінде аймақтағы етті мал шаруашылығын дамыту мәселесі талқыға салынды.

Кеңесте айтылғандай, мал шаруашылығындағы бұл бағыт ел Президенті алға қойған басымдықтардың бірі, сондықтан да осы бағытта аймақта кешенді шаралар қолға алынуда.

Кеңес барысында сонымен қатар, облыста Қызылжар мен Айыртау аудандарынан басқа жерлерде малға арналған фермаларды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмей отырғаны да әңгімеге арқау болды.

Осы мәселені талқылау нәтижелері бойынша облыс әкімі биылғы жылдың 10 маусымына дейін Қаржылық қолдау қоры бойынша жіберіліп жатқан қаржыны 100 пайыз игеруге тапсырма берді. Сонымен қатар, аудан әкімдері күн сайынғы талдау жүргізіп, сатып алынған мал бастарын ұстауға жағдай жасау, ветеринарлық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, мал шаруашылығы ғимараттарын дезинфекциялау жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауға тапсырды.

Соңғы жаңалықтар