СҚО әкімі Ивановтар отбасына 3 бөлмелі пәтерге сертификат тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО әкімі Ивановтар отбасына 3 бөлмелі пәтерге сертификат тапсырды

СҚО әкімі Ивановтар отбасына 3 бөлмелі пәтерге сертификат тапсырды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов кеше облыстық перинаталдық орталықта болып, төрт қызды дүниеге әкелген бақытты ата-ананы құттықтады,

  • 15 Маусым 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін ҚазАқпарат хабарлағандай, Петропавлдың облыстық перинаталдық орталығында Солтүстік Қазақстан облысына қарасты аудандардың бірінде тұратын әйел төрт қыз баланы өмірге әкелді.

«Қыз балалар 11 маусым күні дүниеге келді. Олардың анасы облысқа қарасты аудандардың бірінде тұратын 32 жастағы әйел екенін айта аламын. Бұрын бұл отбасында бала болмаған. Үш қыздың салмағы 2 келі және бір сәби 1 келі 400 грамм салмақта. Әрине, олардың салмақтары аз, бірақ әйел ойдағыдай босанды. Сәби мен ананың денсаулығын біраз бақылауда ұстау керек болғандықтан, жас ана екі аптадан кейін перзентханадан шығады», — деді орталықтың бас дәрігері. Қыз балалардың есімдері Марина, Екатерина, Антонина және Елизавета.

Бақытты ата-ананы облыс әкімі құттықтап, оларға 3 бөлмелі пәтерге сертификат тапсырды.

Соңғы жаңалықтар