СҚО әкімі «Мартин Лютер одағы» халықаралық шіркеуаралық ұйымының бас хатшысымен кездесті
Облыс әкімі Серік Біләлов «Мартин Лютер одағы» халықаралық шіркеуаралық ұйымының бас хатшысы - Райнер Шталмен кездесті, |
деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Кездесуге сонымен қатар Қазақстанның Евангелие-лютеран шіркеуінің епископы Юрий Новгородов пен Қазақстанның Евангелие-лютеран шіркеуінің пасторы Станислав Микула қатысты.
Жиын барысында өңір басшысы меймандарға еліміздегі діни қатынастарды реттеу бағытындағы салиқалы саясат жайлы ақпарат берді. Қазақ елінің бірегейлігі - оның көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет болуында. Қазіргі уақытта республикада 100-ден астам этнос пен 40-тан аса дін өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Мемлекеттік саясаттың негізін қоғамдағы тұрақтылық пен адамзат құндылықтарының мызғымас кепілі құраған.
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 260 діни ұйым жұмыс істесе, оның 5-еуі евангелие-лютерандық бағытты ұстанушылардікі. Серік Біләлов облыстың атқарушы органдары мен діни бірлестіктері алдағы уақытта әріптестік қарым-қатынастарын нығайта түседі деген сенім білдірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін