СҚО әкімі «Мартин Лютер одағы» халықаралық шіркеуаралық ұйымының бас хатшысымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО әкімі «Мартин Лютер одағы» халықаралық шіркеуаралық ұйымының бас хатшысымен кездесті

СҚО әкімі «Мартин Лютер одағы» халықаралық шіркеуаралық ұйымының бас хатшысымен кездесті

Облыс әкімі Серік Біләлов «Мартин Лютер одағы» халықаралық шіркеуаралық ұйымының бас хатшысы - Райнер Шталмен кездесті,

  • 14 Маусым 2011
  • 364
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Кездесуге сонымен қатар Қазақстанның Евангелие-лютеран шіркеуінің епископы Юрий Новгородов пен Қазақстанның Евангелие-лютеран шіркеуінің пасторы Станислав Микула қатысты.

Жиын барысында өңір басшысы меймандарға еліміздегі діни қатынастарды реттеу бағытындағы салиқалы саясат жайлы ақпарат берді. Қазақ елінің бірегейлігі — оның көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет болуында. Қазіргі уақытта республикада 100-ден астам этнос пен 40-тан аса дін өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Мемлекеттік саясаттың негізін қоғамдағы тұрақтылық пен адамзат құндылықтарының мызғымас кепілі құраған.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 260 діни ұйым жұмыс істесе, оның 5-еуі евангелие-лютерандық бағытты ұстанушылардікі. Серік Біләлов облыстың атқарушы органдары мен діни бірлестіктері алдағы уақытта әріптестік қарым-қатынастарын нығайта түседі деген сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар