СҚО дәрігерлері мен полициясы дезоморфин есірткісінің кеңінен таралуына алаңдаулы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО дәрігерлері мен полициясы дезоморфин есірткісінің кеңінен таралуына алаңдаулы

СҚО дәрігерлері мен полициясы дезоморфин есірткісінің кеңінен таралуына алаңдаулы

Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) дәрігерлері мен полициясы дезоморфин есірткісінің кеңінен таралуына алаңдаулы, деп хабарлайды СҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері.

  • 9 Маусым 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Облыс аумағында дезоморфиннің кеңінен таралуы 2010 жылдың күзінен бері байқалып отыр», — деп мәлім етті СҚО ІІД ЕБКБ бастығы Жұмажан Мұқатанов бейсенбі күні брифингте.

Оның айтуынша, нашақорлар «крокодил» (қолтырауын) деп атайтын дезоморфин қазір заңды түрде сатып алуға болатын ең күшті есірткі болып табылады: оның құрамына бензин, күкірт қышқылы, сіріңке, кодеині бар препараттар кіреді, бұлар рецепт бойынша берілуге тиіс болғанымен, дәріханаларда еркін сатылады.

«Дезоморфинге бірінші рет еккеннен кейін-ақ дағдылануға болады, ал 2-3 апта тұтынғаннан кейін нашақордың ағзасында қалпына келтіруге болмайтын өзгерістер басталуы мүмкін. Есірткіні тамыр арқылы тұтынатындардың тамырлары 3 айдан кейін шіріп, қанталай бастайды, ал бұлшық етке егуге көшкенде бауыры, бүйрегі, көкбауыры, бас миы жұмыс істемейді», — дейді Ж. Мұқатанов.

Нашақорлардың арасында дезоморфинді кеңінен қолданылу фактісін облыстық наркологиялық диспансердің меңгерушісі Галина Андреева да қуаттады.

«Қазір бізде есепте тұрған героин нашақорлардың бәрі – 775 адам дезоморфин тұтынады және олардың бәрі аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар емес», — деді ол.

Дәрігердің айтуынша, бұл — отбасы мен мектептің бала тәрбиесінде жіберген олқылықтарының нәтижесі.

«Балалар бұл әрекетке саналы түрде барады, олар ешқашан қолдары тимейтін ата-аналары, жүктемесі бас көтертпейтін мектебі бар әлемнен қашқысы келеді», — деп есептейді ол.

Г. Андрееваның мәліметтеріне сәйкес, былтырғы жылмен салыстырғандай қаза болған нашақорлардың саны олардың жалпы санының 2,1%-ынан 10,9%-ына дейін артты.

«Жыл басынан бері 16 адам қаза болды, шамадан артық тұтыну оқиғалары мүлдем жоқ деуге болады, олар сапасыз есірткі тұтынудан туындаған аурулардан өледі», -деді ол.

Соңғы жаңалықтар